196 адам үйге мұқтаж. ШҚО-ның бес қаласына ортақ мәселе қалай шешімін таппақ?

212
көрілім
Фотосурет www.gov.kz сайтынан

Ресми ақпаратқа сүйенсек, жыл соңына дейін тұрғындардың әлеуметтік осал топтары үшін 700-ден астам пәтер сатып алу жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жуықта өткен облыс әкімдігінің кезекті отырысында тұрғындарды үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру мекемелерінің аумақтарындағы жарықтандыруды жөндеу мәселелері талқыланған еді.
Мәлім болғандай, өңірде тұрғын үй құрылысы мемлекеттік қаржыландыру есебінен де қарқынды дамып келеді.
- Жыл соңына дейін тұрғындардың әлеуметтік осал топтары үшін 700-ден астам пәтер сатып алу жоспарлануда. Тұрғын үй саласын дамыту шеңберінде моноқалалардың тұрғындары үшін жеңілдікті ипотекалық бағдарлама ұсынылады, - деді шенеуніктердің бірі.
Құрылыс басқармасы «Отбасы банкі» АҚ бірлесіп, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік саланы қоса алғанда, түрлі қызмет салаларына, сондай-ақ ТЖМ қызметкерлері үшін тұрғын үй саласын дамыту шеңберінде моноқалалардың тұрғындары үшін жеңілдікті ипотекалық бағдарлама ұсынылмақ.
- Берілген мәліметтерге сәйкес, Риддер, Алтай, Серебрянск, Зайсан және Шемонаиха қалаларында тұрғын үйге мұқтаж адамдардың жалпы саны 196 адамды құрайды. Бұл бағдарлама кезектілікті қысқартуға, түрлі сала мамандарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге, моноқалалардан халықтың кетуін азайтуға мүмкіндік береді, - деді ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау туралы айта келе, облыс әкімі Ермек Көшербаев тұрғын үймен бірінші кезекте жетім балалар мен көпбалалы отбасыларды қамту қажеттігін атап өтті.