19 қарашада тұман түсіп, ауа райы құбылмалы болады

411
көрілім

Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, бүгін еліміздің кей жерінде жауын-шашын болады, республиканың орталық бөлігінде және шығысында күндіз кей жерде мол көлемде қар жауады. Кей жерде жел күшейіп, тұман түсіп, жаяу бұрқасын, солтүстік пен шығыста көктайғақ күтіледі.

Алматы, Түркістан облыстарының бірқатар аумағында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерінде – тұман түсіп, Қызылорда, Атырау облыстарының бірқатар аумағында көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23 метрге жетеді. Қостанай облысының кей аумағында тұман, Шығыс Қазақстан облысының бірқатар бөлігінде көктайғақ күтіледі.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады деген болжам бар, жел 15-20 м/с күшейеді.