«Қызыл ту» өткелі арқылы өтуге желтоқсан айының 25-і күні рұқсат етілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күршім ауданы әкімдігінің мәліметінше, көліктер кешеден бастап Ертістен өткел арқылы өтіп жүр. Барлығына бірдей бағындыру мүмкін емес, бекітілген салмақтан аспауы тиіс. Желтоқсан айының 25-нен бастап «Күршім» мен «Ертіс» паромдарының жұмысы тоқтады.
– Мұз өткелі арқылы ең ауыр дегенде салмағы 1,5 тонна болатын көліктер өте алады, – делінген мәліметте. – Аралары 30 метрден жақын болмауы тиіс және мұз үстімен өткенде жылдамдықты сағатына 20 шақырымнан асырмау қажет.
1_5_tonnadan_aspau_kerek__kurshim_ekimdigi_
61