Биыл 1 қыркүйек жексенбі күнге түсіп тұр. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім күнінің демалысқа сәйкес келуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM.KZ сайтына сілтеме жасап.
«1 қыркүйек дәстүрге сәйкес білім күні. Сондықтан биыл да жылдағыдай алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтеді», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, биыл жаңа оқу жылында 1,7 млн оқушыға тегін тамақ беріледі.
Бұған дейін министр мектеп қауіпсіздігін баяу қамтамасыз етіп жатқан өңірлерді атады.
Сондай-ақ, шекара маңындағы мектептердің интернет мәселесі қалай шешіліп жатқаны туралы хабарлаған едік.
Бүгінде еліміз бойынша 280 мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр.