Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйек – Алғашқы қоңырау рәсімінде ұстаздарға сый-сияпат жасау жөнінде пікірін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
«Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» республикалық тамыз саммитінде министрге «1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл мен кәмпит сыйлау дұрыс па?» деген сұрақ қойылды.
-Кәмпиттер туралы ойлану керек. Бірақ менің ойымша, оқушылардың мұғалімге гүл беруі – барлық уақытта сүйсінерлік іс. Негізінде бұл әрқашан жақсы дәстүр саналып келді, оқушылар шын жүректен педагогке алғыс білдіріп, оларға гүл сыйлайды. Мұны дұрыс деп санаймын, - деді Ғ.Бейсембаев елордада Тамыз конференциясында.
Дегенмен министр гүл беруді міндеттеудің де дұрыс емес екенін еске салды.
-Әркімнің өз көңілі, ниеті болуы керек. Бірақ гүл беруді міндеттеу деген мәселеден аулақ болған дұрыс, - дейді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.