Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың көлік құралдарына 2022 жылға салынатын салықты төлеу мерзімі 2023 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей жүргізілетіндігін хабарлайды.
Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының көмегімен есептеуге болады.
Есептелген салық сомаларын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Электронды сервистер»→«Жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, сондай-ақ «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшасында көрулеріңізге және төлем жасауларыңызға болады.