1 сәуірге арналған ауа райы болжамы

377
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты облыста жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, сәуір айының басында республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілгенімен, тек шығыста және солтүстік-шығыста күн райы ашық болмақ. Одан бөлек, өңірдің кей аудандарында түнде және таңғы уақытта тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады деп болжануда.

Жекелеген өңірлерде де тұман түсіп, екпінді жел тұруы ықтимал.