Біз Ел Президенті мен өңіріміздің арасындағы жақын қарым-қатынасты жариялау идеясын бірінші болып көтеріп отырған жоқпыз. 2012 жылы «Реал Тайм» компаниясы көптеген архивтік материалдарды жинақтаумен айналыса бастады. Президенттің сөйлеген сөздері мен ұзақ жылдар бойы жинақталған бейнежазбалар қаралып, зерттелді. Фильмде Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстанға жасаған барлық жұмыс сапарлары көрініс тапқан болатын.
Фильмнің сценарийін жас журналист Анель Эсенбердина жазды. Ал, халықтың ыстық ықыласына бөленген фильмнің режиссері Геннадий Кузнецов болды.
2012 жылдың 1 желтоқсанында Тұңғыш Президент күніне орай облыстық телеарналарда «Елбасы – Ұлт көшбасшысы» фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм көрерменге екі тілде жол тартқан еді.
Материалды әзірлеген Ирина Плотникова