Рrimeminister.kz сайтының хабарлауынша биылғы жылы мерекелік күндердің жұмыс күндеріне сәйкес келуіне байланысты кейбір сенбілік күндер жұмыс күндері болмақ көрінеді.
Мысалы, сенбідегі 3 наурыз жұма күнгі 9 наурызға; 28 сәуірдегі сенбілік демалыс дүйсенбідегі 30 сәуірге; сенбі күнгі 5 мамырдағы демалыс сейсенбідегі 8 мамырға; сенбідегі 25 тамыз жұма күнгі 31 тамызға; сенбідегі 29 желтоқсан дүйсенбідегі 31 желтоқсанға ауыстырылады.
Естеріңізге салсақ, Қазақстанда жыл сайын Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсанда, Жаңа жыл – 1-2 қаңтарда, Халықаралық әйелдер күні – 8 Наурызда, Наурыз мейрамы – 21-23 наурызда, Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамырда, Отан қорғаушылар күні – 7 мамырда, Жеңіс күні – 9 мамырда, Астана күні – 6 шілдеде, ҚР Конституциясы күні – 30 тамызда, ҚР Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсанда атап өтіледі.