2018 жылы ҰБТ-ның жоғары оқу орнына түсуге арналған қазіргі форматы сақталатын болады

410
көрілім

Жоғары оқу орнына ақылы түрде түсудің баламалы нұсқасын енгізу сапаның төмендеуіне алып келеді, деп хабарлайды buqara.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Ақ жол партиясынан талапкерлер жоғары оқу орнына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден басқа баламалы нұсқа енгізу туралы ұсыныс жолданды. Бұл ұсыныс «Ақ жол» және Нұр Отан партияларының Мәжіліс депутаттарының қатысуымен білім және ғылым, балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесте бірнеше рет қарастырылды», – деп атап өтілген министрлік мәліметінде.

Осы орайда ҚР БҒМ бұл ұсыныс педагогикалық және ата-аналар қоғамымен де жан-жақты талқыланғанын, қоғамның көзқарасы бірмәнді еместігін хабарлады.

«Қоғамның көзқарасы бойынша жоғары оқу орнына ақылы түрде түсудің баламалы нұсқасын енгізу сапаның төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты алдағы 2018 жылы ҰБТ-ның жоғары оқу орнына түсуге арналған қазіргі форматы сақталатын болады», — делінген ведомство хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, «Ақ жол» партиясы еліміздің жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсетіндер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді алып тастау туралы бастама көтерген болатын.

Фотосурет qazaquni.kz сайтынан алынды