Биылғы жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері қандай сомада төлемақы алады? Оларға теңестірілген тұлғаларға қандай жәрдемақы қарастырылған? Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қанша көлемде төлемақы жасалады? Міне осы жолғы мақаламыз аталмыш төлемақыларға қатысты болмақ.
Тұрғындардың әр санаттарына мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар туралы мақалалар сериясын жариялауды өткен санда бастаған болатынбыз. Ол кезде біз әлеуметтік жәрдемақылар туралы ақпарат берген едік. Ал бүгінгі тақырып арнайы мемлекеттік жәрдемақыларға байланысты болмақ. Ақпарат "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-сы мен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаментінен алынды.
Оқырманымызға оңтайлы болуы үшін ақпаратты кесте түрінде беруді жөн көрдік.
Ерлен ОСМАНОВ
Жәрдемақы алуға құқы бар санаттар |
Төлемақылар мөлшері (теңгемен) |
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер |
40 400 |
Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғалар: - Қолданыстағы әскердің құрамындағы әскери қызметшілерге белгіленген жәрдемақы тағайындауға сіңірген еңбегіне 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін саналатын қалаларды қорғауға қатысқан Ұлы Отан соғысы кезінде бұрынғы КСРО мемлекеттік қауіпсіздігін және ішкі істер қатарындағы басшы тұлғалар және әскери қызметкерлер; - Ұлы Отан соғысы кезінде қолданыстағы әскер құрамына кіретін, штабтар, әскери бөлімдерде штаттық лауазымдағылар, бұрынғы КСРО мемлекеттік қауіпсіздігін және ішкі істер органдары мен әскер, Әскери-Теңіз флоты, Кеңес Армиясының құрамындағы еркін жалдамалы тұлғалар; - Ұлы Отан соғысы кезінде полк баласы (тәрбиеленуші) юнга ретінде флот және армия құрамына кіретін штабтар мен мекемелер құрамына кірген тұлғалар; - Фашиске қарсы және басқа астыртын партизандар отряды құрамындағы фашистік Германия және оның одақтастарына қарсы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шетелдерде жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан тұлғалар; - су флоты экипажы мүшелері, Ұлы Отан соғысы кезінде ағымдағы фронттар шекарасында тапсырмаларды орындау және әскери қызметші ретіндегі, бұрынғы КСР Одағы балық өнеркәсібінің халық коммисариаты, авиация, көлік және кәсіпшілік құрамға байланысты Халық комиссариаты, хабарлау жолындағы Халық комиссариаты арнайы құрылған жұмысшылар; - Қаланың ұйымдары мен мекемелерінде Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтар; - Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен оның одақтастарымен құрылған концлагерь, гетто мен мәжбүрлеу орындарының кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындар; - Өзге мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқандар; - 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы зардап салдарын жоюға, басқа азаматтық немесе әскери тағайындалған апаттар мен радиациялық зардаптарға, сонымен қатар ядролық зерттеулер мен оқуларға қатысқан тұлғалар |
15 630 |
Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғалар: - басқа мемлекеттерде әскери қызметін өтеу кезіндегі фронтта болған сырқат салдарынан немесе қызметтік міндеттерін орындау кезінде, бұрынғы ССР Одағын қорғау кезінде мертіккен, зақымданған, жаралану салдарынан мүгедек болған әскери қызметкерлер; - Ішкі істер бөлімдері мен бұрынғы ҚР МТК әскери қызметшілерінің (мерзімді қызметтен бөлек) қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған мүгедектігі бойынша бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер; - 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсаны аралығында Украин КСР, Белорус КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстон КСР аумағында халықты қорғау жауынгерлері және атқыштар батальоны, взводы мен отрядтарында соғыс жүргізген, осы батальондардың, взводтар мен отрядтардың қызметін атқару кезінде мүгедек болғандар; - Ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан кезде өзге елдердің жоғары әскери құрамына қызмет ете жүріп мертігу, зақым алу және жаралану салдарынан мүгедек болғандар. - Чернобыль атом электрстанциясындағы апатты және басқа азаматтық немесе әскери тағайындалған апаттар мен радиациялық зардаптарын жою салдарынан мүгедек болып қалғандар; - Иондалған сәулелердің салдарынан мүгедек болып қалғандар; - Ата-анасының бірінің радиациялық сәулеге ұшырауына байланысты мүгедек болып туғандар. |
19 064 |
Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқандардың (із-түссіз жоғалып кеткендердің) қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне |
11 312 |
"Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен, "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған, жалпы аурулардың, еңбек зақымдарының және басқа да себептердің (құқыққа қарсыдан басқа) нәтижесінде мүгедек болып танылғандардың, сонымен қатар соғыста қаза тапқан қатысушылардың, партизандардың қайтадан некеге отырмаған әйелдері (күйеулері) |
6 464 |
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен жақсы әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар |
5 379 |
1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында тылда алты айдан кем емес еңбек етіп, ерен еңбегі мен жақсы әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар |
5 379 |
Саяси қуғын-сүргінге тап болған, мүгедек, зейнеткер тұлғалар |
2 702 |
Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың және басқа азаматтық немесе әскери тағайындалған апаттар мен радиациялық зардаптардың ықпалына байланысты белгіленген тізімде қаза болған азаматтар, сонымен қатар сәулелердің салдарынан ауру немесе мүгедек болып қаза болғандардың отбасылары. |
11 590 |
1988-1989 жылдары Чернобыль атом электрстанциясындағы зардап салдарын жоюға қатысқан, Қазақстан Республикасына мүлкін алу және жер аудару зоналарынан көшірілген (өздігінен кеткен), көшіру күні анасының құрсағында болған балаларын қосқандағы тұлғалар |
5 379 |
Қазақстан Республикасының Ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар |
2 702 |
Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, І-ІІ-ІІІ дәрежелі Даңқ, І-ІІ-ІІІ Дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері |
|
Кеңес Одағының Батырлары, І-ІІ-ІІІ дәрежелі Даңқ, І-ІІ-ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері |
350 041 |
Ұлы Отан соғысына қатысқан Социалистік Еңбек Ерлері, І-ІІ-ІІІ Дәрежелі Даңқ, І-ІІ-ІІІ Дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері |
188 492 |
І-ІІ-ІІІ Дәрежелі Даңқ, І-ІІ-ІІІ Дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері |
350 041 |
Ұлы Отан соғысына қатысқан І-ІІ-ІІІ Дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері |
188 492 |
Ұлы Отан соғысына қатыспаған Социалистік Еңбек Ерлері, І-ІІ-ІІІ Дәрежелі Даңқ, І-ІІ-ІІІ Дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері |
24 240 |
Ұлы Отан соғысына қатыспаған І-ІІ-ІІІ Дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері |
24 240 |
Қайтыс болған (із-түссіз жоғалып кеткен) әскери қызметшілердің отбасыларына, оның ішінде: |
|
Ұрыс қимылдары жүрген Ауғанстандағы немесе басқа мемлекеттердегі ұрыс кезінде жаралану, контузия алу, ауру себептерінен қаза тапқан (із-түссіз жоғалып кеткен) немесе қайтыс болған немесе әскерилердің, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына |
11 590 |
Бейбіт кезеңде әскери борышын өтеп жүріп қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына |
11 590 |
Қаза тапқан (қайтыс болған, із-түссіз жоғалып кеткен) әскери қызметкерлердің балалары мен асырауындағы адамдарға |
11 590 |
Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан ішкі істер органдарының: - ата-анасына; - қайталап некеге отырмаған жесіріне (күйеуіне) |
11 590 |
Бірге тұратын, кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан көп балалы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толса да (23 жасқа толғанға дейін) оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын баласы бар отбасыларына* |
10 504 |
"Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" Құрмет белгісімен марапатталғандар |
350 041 |
* Аталған жәрдемақы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған болса ғана төленеді. Егер төртінші бала 2018 немесе 2019 жылы дүниеге келген болса, мұндай отбасылар мемлекеттік арнайы жәрдемақының бұл түрін алуға құқы жоқ. Ал көпбалалы отбасылар төрт және одан көп балалы отбасы ретінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек ала алады. Мұндай төлемақы егер отбасының орташа жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен болса ғана тағайындалады. Мұндай отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек шартты немесе шартсыз түрде беріледі.