Жол ақысын электронды төлеу жүйесі бойынша келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазан айының басында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арасындағы жоба бекітілді.
Жоба трамвайлар мен барлық қалалық бағыттарды қамтиды.
Мамандардың айтуынша, бұл енгізілетін жаңалық жолаушыларға автобус, трамвай қозғалысын бақылауға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар тасымалдаушылардың қозғалыс жиілігі артып, жүргізуші мен диспетчер арасында арнайы байланыс орнатылып, түрлі тарифтік жоспарларды қолдану мүмкіндігі тумақ.
Жобаны толық енгізу 2020 жылға жоспарлануда. Бұл жұмысты байқау жеңімпазы «IBA Қазақстан» ЖШС атқарады.