Жаңа пойыз вагондары «Тұлпар-Тальго» ЖШС-де жасалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«ҚТЖ» ҰК АҚ мамандарының мәлімдеуінше, жаңа 50 жолаушы вагондары сатып алынбақ. «Тверск вагонқұрастыру зауытының» технологиясымен жасалған «Тұлпар-Тальго» ЖШС вагондары енді теміржол рельстеріне шығатын болады.
Жаңа вагондардың есебінен Шығыс Қазақстан аумағынан өтетін жолаушы пойыздарының составын жаңарту да жоспарға алынды.
Компания қызметкерлерінің сөзінше, бүгінгі таңда 1990-2017 жылдары жасалған вагондар қолданыста келеді.