2020 жылы Шығыс Қазақстан мектептерінде Абайтану бойынша тәжірибе курсы ашылады

322
көрілім

Қазақтың ұлы ақыны және философының мұрасын зерттеу 5-8 сыныптарда енгізілмек.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай біздің облыста «Абайтану» бағдарламасы енгізілетін болады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңес барысында хабарлады. Облыстың 277 мектебінде және екі педагогикалық колледжде Абайға арналған арнайы фильмдер, Абай фильмінің дидактикалық материалдары және кітаптар жинағымен жабдықталған
«Абайтану» бөлмелерін ашу жоспарланған.
Бұл курсты оқытуға арналған авторлық бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдар Абайтанушы ғалымдардың қатысуымен 2020 жылдың көктеміне дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен бірге, жаңа курсты оқытуға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 280 мұғалімі дайындалады.
2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап элективті курс 5-8 сыныптарда оқытылады. Ұлы Абай мұрасын зерттеу біздің өңірдегі 76 150 балаға арналады. Сонымен қатар 1-4 курс студенттері (шамамен 6000 адам) 2020 жылдың қаңтар айынан бастап университеттерде «Абай және ХХІ ғасыр» элективті курсын оқи бастайды.