2024 жылы Қазақстанда шәкіртақы қалай өседі?

744
көрілім
Фото ашық дереккөзден

Ашық НҚА порталында студент, магистрант және докторанттардың стипендиясын арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Оған сәйкес, стипендия 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап өссе, одан кейін 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы да ұлғаяды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап. 
 

2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап стипендиялар келесі мәндерге ие болады: 

жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер ("Денсаулық сақтау" бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 47 135 теңге;
жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 75 600 теңге;
интерндер – 85 376 теңге;
ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 107 061 теңге;
"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 200 000 теңге;
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша докторанттар – 240 000 теңге;
"Денсаулық сақтау"даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 123 122 теңге;
Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 40 065 теңге.

Қаулы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне мінеді деп жоспарланған.