20-26 қаңтар аралығына арналған жұлдыз-жорамал

440
көрілім

Тоқты (21.03-20.04)

Бұл апта сізден материалды тұрғыда үлкен күш-жігерді, батыл іс-әрекетті талап ететін кезең болмақ. Сізге өзіңіздің ақшаңыздан гөрі біреудің ақшасын санауға тура келеді. Банкте, дүкенде немесе есепші болып жұмыс істейтіндер үшін бұл қалыпты жағдай. Ал басқа маман иелері өзінің жұбайының, досының ақшасына немесе несиеге сенім артуға мәжбүр болуы мүмкін.

Торпақ (21.04-21.05)

Сіз үшін бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға, бизнесте немесе басқа салада серіктестік орнатуға таптырмайтын уақыт. Яғни бірлескен немесе топпен жұмыс істеу қаржы тұрғысынан сіз үшін ұтымды болмақ. Ал серіктестікті бұзу туралы ойыңыздан бас тартқаныңыз жөн. Ондай жағдайда күрделі қаржылық шығындарға, сот процесіндегі сәтсіздікке тап болуыңыз әбден мүмкін.

Егіздер (21.05-21.06)

Егіздер үшін бұл апта мәнсап құруға, жұмыс орнын ауыстыруға және кәсіптік біліктілікті арттыру үшін сәтті апта болады. Апта басында өзіңіздің еңбекқорлығыңыздың, кәсіби шеберлігіңіздің және кез келген жұмыстың қыр-сырын білуіңіздің арқасында үлкен табысқа жетуіңіз мүмкін. Бірақ бірден бастық болып кетуге талпынбаңыз. Аптаның соңы келіссөздер жүргізу үшін тиімді болмақ.

Шаян (21.06-22.07)

Келер апта Шаяндар үшін шығармашылық апта. Материалды қажеттілік үшін немесе үлкен қаржыға бола өзіңізді зеріктіретін жұмысқа келіспеуге кеңес береміз. Егер келіскен жағдайда аптаның басында қаржылық тұрғыдан қиналып қалуыңыз мүмкін. Себебі өз жұмысын аса ұнатпайтын жанға ақша бірден келмейді. Көп ақша тапқыңыз келсе сол жұмысты жақсы көріңіз немесе басқа кәсіп іздеңіз. Мүмкіндік болып жатса демалыс алғаныңыз жөн.

Арыстан (23.07-23.08)

Бұл аптада бос уақытыңыз өте аз болмақ, сондықтан сізден көп энергияны талап етеді. Сіз көп күш жұмсайсыз, бірақ қалпыңызға келу оңай болады. Алайды босаңсып кетпей, денсаулығыңызға көп көңіл бөліңіз. Бойыңыздағы жаман әдеттер, шылым шегу сіздің денсаулығыңызға кері әсер етуі мүмкін.

Бикеш (24.08-23.09)

Бұл жұлдыз иелеріне осы аптада көпшілік алдында жиі болуды ұсынамыз. Ойын-сауық шараларына немесе сахнада өзіңізді сынап көріңіз. Егер басыңыз бос болса жеке өміріңізде өзгеріс болып, ғашық болуыңыз мүмкін. Егер отбасылы болсаңыз, аптаның бірінші жартысында балаларыңызға көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз.

Таразы (24.09-23.10)

Таразылар үшін көп жұмыс істеуге тура келеді. Егер демалысқа шығатын ойыңыз болмаса бұл аптада сізге жұмыстың көптігіне байланысты қиындықтар әкеледі. Кез келген мәселені сабырлы түрде шешуге тырысыңыз. Апта бойы тынбай еңбектенсеңіз жақсы нәтижеге жете аласыз және басшылық мұны байқайды. Бірақ көп жұмыс істеп денсаулығыңызға көңіл бөлуді ұмытып кетпеңіз. Егер денсаулығыңыз сыр берсе, немқұрайлы қарамай бірден дәрігерге барыңыз.

Сарышаян (24.10-22.11)

Сарышаяндарға қарым-қатынас тақырыбына назар аударуға кеңес беріледі. Бұл аптада жаңа достар тауып, өзіңіздің екінші жартыңызды кездестіруіңіз әбден мүмкін. Бірақ бұл тұрғыда барлығы өзіңізге байланысты болады. Қырсықтық пен ашушаң мінезіңізді тастамасаңыз айналаңыздағы адамдармен ара қатынасыңыз нашарлап кетуі мүмкін.

Мерген (23.11-21.12)

Мергендер бұл аптада жұмысқа байланысты қиындықтарға тап болуы мүмкін. Асығыс шешім қабылдаудан аулақ болыңыз. Егер жұмыстан кетуге ниет етсеңіз жақсылап ойланғаныңыз жөн. Бұл аптадағы өзгерістер тек жұмысыңызға ғана емес жеке өміріңізге де әсер етуі мүмкін. Қиындықтардың барлығын жеңу үшін бір сәт өз түйсігіңізге құлақ салып, табандылық таныта біліңіз.

Тауешкі (22.12-20.01)

Бұл жұлдыз белгісінің иесі болсаңыз денсаулығыңызға көп көңіл бөліңіз. Әсіресе іш-құрылыс, бүйрегіңізге абай болыңыз, жұқпалы аурулардан сақ болыңыз. Демалыс күндері жүйке-жүйеңізге әсер ететін оқиғалардан аулақ болғаныңыз жөн. Неғұрлым таза ауада көбірек жүріңіз.

Суқұйғыш (21.01-19.02)

Келер аптаны Суқұйғыштар өз-өздерімен жеке қалып өткізгені жөн. Бұл сізге өткен аптаға қорытынды жасауға және өзіңізбен жұмыс істеуге пайдасын тигізеді. Шығармашылықпен айналысыңыз, мүмкіндігіңіз болып жатса саяхатқа шығыңыз. Денсаулығыңызға көңіл бөлуді де ұмыт қалдырмаңыз. Жеке өміріңізде түсініксіз жағдайларға тап болсаңыз ешқандай эмоцияға берілмей сабырлы түрде шешуге тырысыңыз.

Балықтар (20.02-20.03)

Бұл аптада туайым үстінде жүресіз. Ақша мәселесі, яки болмаса кез келген мәселелердің барлығы өзіңізге байланысты. Алайда қорықпаңыз, жұмысыңыз жемісті болмақ. Аптаның екінші жартысында командамен жұмыс істеуден бас тартып, жалғыз жұмыс істеуіңіз мүмкін.