20-26 қыркүйек аралығына арналған жұлдыз-жорамал

702
көрілім

Тоқты

Апта аса бір қарбаласқа толы болмайды, десе де бірнеше маңызды жайтқа араласуыңызға тура келеді. Жеке өміріңізде аз-кем қиындықтар туындап, оңашада ойға шомасыз. Не де болса сағыңыз болмасын.

Торпақ

Бұл кезеңде көпшілігі ақ жолдан айнуыңызға үгіттейді. Ешкімді тыңдамай, алға басқан қадамыңызды нықтай түсіңіз. Көлік тізгіндесеңіз жылдамдықты арттырмағаныңыз жөн: қауіп табан астында.

Егіздер

Енді сүйіктіңізге бір сәт көңіл бөліңіз. Күрделі жұмыстарды ысыра тұрып, демалыс алыңыз, табиғат аясына серуендеп қайтыңыздар. Нәзік жандыларға шаш пен киім үлгісін өзгертуге қолайлы уақыт.

Шаян

Бәлкім, өміріңізде тыныш та бірқалыпты сәт осы аптада орнайтын болар. Жұмыста жүрсеңіз де құлағыңыз түрлі қоңыраулардан тынығып, бір сәт абыр-сабырдан ада боласыз. Алайда солай екен деп міндетіңізге атүсті қарамаңыз.

Арыстан

Көптен бері жүздеспеген достарыңызды еске түсіңіз. Кейбірі қоңырауыңызды күтіп, дастарқандас болуға асық. Аптаның алғашқы үш күнін қарқынды жұмысқа арнап, қалған күндері сәл тізгінді тежесеңіз де болады.

Бикеш

Жуырда пайда болған түйткілдер бойынша ата-анаңызбен ақылдасыңыз. «Жалғыздың үні шықпас» деген мәтел осыған айтылғандай. Маңызды құжаттарға қол қоярда мұқият болыңыз.

Таразы

Бұрыннан бері бір-біріне қабақ шыта қарап жүрген Таразылар осы кезде ат құйырығын кесісетіндей. Тіпті кейбірі өзіне одақтас іздеп, болған жайтқа қатысты сүттен ақ, судан таза шыққылары келеді. Мұндайда бейтараптық танытыңыз.

Сарышаян

Қазір түскен тапсырманы қазір орындауға дағдыланыңыз. Әйтпесе, бұған дейін қордаланып қалған шаруаларды аяқтаймын дегенше жүктемеге белшеңізден батасыз. Өзіңіз үлгермесеңіз әріптесіңізге жүгініп көріңіз.

Мерген

Айналаңыздағылардың көпшілігі алаңсыз тынығып жатқанда сізге жұмыстан еселеп атқару қажет болады. «Бұ қалай?» десеңіз, басшылық сізге айрықша сенім артады. Сондықтан күрделі шаруаларды бір өзіңізге жүктейді.

Тауешкі

Басы бос нәзік жандылар ақбоз ат мінген ханзадасын жолықтырулары мүмкін. Қайда? Қашан? Бұл жағы белгісіз. Әйтеуір, саябақ пен мәдени нысандарға жиі баруды әдетке айналдырғандары ләзім.

Суқұйғыш

Еңбек демалысына шыққысы келіп жүргендерге әзірге бұл ойдан аулақ болған жөн. Себебі күздің алғашқы айы тапсырмаларға толы болмақ. Жұмыс, жұмыс деп жүріп отбасыңызға көңіл бөлуді ұмытып кетпеңіз.

Балықтар

Белсенділігіңіз бен достарыңыздың қолдауы тамаша нәтижесін бермек. Қандай істі қолға алсаңыз да сәттілік әркез серігіңіз болады. Еңбек жолындағы сәтті қадамыңызды жалғастыру үшін кейбір дүниелерді құпияда ұстағаныңыз жөн.