Тоқты
Мәнсап жолында өрлей түсуіңізге қолайлы кезең туындады. Бір жағынан талайдан бергі еңбегіңіз де жемісін бергелі тұр. Жетістікке жету жолындағы қадамдарыңызды бастығыңызға байқатып алудан жасқанбаңыз. Қайта сіздің қызметізді жоғарылатудың кезі келгендігін аңғарғаны жөн. Бәрі дұрыс болады, тек батыл әрекет етіңіз.
Торпақ
Алдағы уақытта адам психологиясын зерттеп көруге мүмкіндік туады. Өзге емес, өзіңіз үшін қызықты тәжірибе болатындықтан, осыған әзір жүріңіз. Тек адамның жан дүниесіне кітап оқу арқылы емес, күнделікті тіршілік жағдайында, жұмыста жүріп үңілуге тиіссіз. Дәл үрдіс сізді басқа қырыңыздан аша түседі.
Егіздер
Осы кезеңде сізді бітпей қалған шаруаларды аяқтау, маңызды мәселелердің басын ашу, келіссөздер жүргізу сынды шаруалар күтіп тұр. Тек босаңсымаңыз, сонда бар жұмысыңыз уақтылы орындалады. Тығырыққа тірелген болсаңыз тамыр-таныстарыңызды іске қосып, көмек сұраудан қысылмаңыз.
Шаян
Апта ортасына қарай Шаяндар үшін баяу әрі бірқалыпты өмір ырғағы басталғалы тұр. Миыңызға салмақ түсіретін қауыр жұмыстарды дүйсенбі, сейсенбі күндерге қалдырмағаныңыз жөн, себебі күтпеген жерден иығыңызға ауыр жүктмелер түсуі мүмкін. Жаңа таныстық орнатып, достарыңызбен бас қоссаңыз артық етпейді.
Арыстан
Жұмыстан демалыс алып көңіліңіз қалаған іспен айналысуға орайлы кезең. Жалпы Арыстандар үшін алаңсыз тынығуға еш кедергі жоқ. Ең әуелі сәрсенбі күні ақ халаттыларға жүгініп, денсаулығыңызды тексертіп алыңыз. Шаруаға беріліп, қатты шаршап жүрмеңіз. Реті келсе бала-шағаңыздың көңілін аулап, сүйіктіңізге де назар аударғаныңыз жөн.
Бикеш
Жұлдыздар Бикештерге осы аптада қарбалас тірлікке кіріспей, бірқалыпты кезең өткеруге кеңес береді. Бұл кезең кешірім сұрау, табысу және мейірімділік таныту мерзімі. Егжей-тегжейлі жоспарланып, нақты бекітілген жұмыстарды ғана бастағаныңыз абзал. Әріптесеріңіздің арасында кикілжің туындаса, бейтарап болып қалыңыз.
Таразы
Өзіне деген сенімділік алысқа жетелейін деп тұр. Мәнсап жолыңыздағы сәтті қадамдар, ұжымда беделіңіздің өсуі, дос-жарандарыңыздың жылы лебіздері сіздің әлеуетіңіздің арта түсуіне себепкер. Бастысы, бойыңыздағы күш-қуатыңызды болмашы нәрселерге жұмсамағаныңыз жөн.
Сарышаян
Бос уақытыңызы барынша ойыңыз бір жерден шығып, сізге үнемі тілекші болып жүрген жандармен өткізіңіз. Жалғыз жүріп шаш етектен келетін шаруаларды лезде бітіремін деген ойдан аулақ болыңыз. Барлығын мұқият жоспарлап, бір шешімге келгеннен соң ғана жұмысқа кірісіңіз. Өміріңізге өзгеріс мен жаңашылдық енгіземін десеңіз, мархаббат.
Мерген
Бұл уақытта барлығын реттеп алуға мүмкіндік туындайды. Айталық, ойыңызды жинақтап, үйде ойлаған жұмыстарды аяқтап, сызат түскен қарым-қатынастарды түзеп алуға болады. Дүйсенбі күні қаржылық мәселеге келгенде жаза басуыңыз мүмкін. Сондықтан құжат жұмысына келгенде аса сақ болыңыз.
Тауешкі
Көңіл-күйіңіздің түсуіне жол бермеңіз. Бәлкім, ең жақын адамыңызбен ойыңыз бір жерден шықпай, кикілжің туындауы да ғажап емес. Ұрыс-керіске барудың еш қажеті жоқ. Сізге осындай сынақ берілуі де мүмкін. Сондықтан барлығын ақыл таразысына салып, ұтқыр шешімдер қабылдауға дағдыланыңыз.
Суқұйғыш
Апта соңында Суқұйғыштар үшін күрделі мәселелердің шеті көрінгелі тұр. Жинақылық танытып, әр қадамыңызды аңдап басқаныңыз абзал. Әркез сынап тұратын сырт көз шалыс басуыңызды күтіп жүргендей. Мұндайда көптен көріспеген достарыңыздың кеңесіне құлақ түріңіз.
Балықтар
Алдағы апта сәттіліктерге толы болмақ. Бұл уақытта Балықтардың басым көпшілігі іскерлік келісімшарттарға қол қойып, жаңа жобалар ойлап табады. Өзіңіз шешімін таппай жүрген сауалдарға жауап тауып, қаржылық мәселелерді де реттеп алуға болады. Білікті мамандармен тәжірибе алмасып, біліміңізді тереңдетуге де еш кедергі жоқ.