22 мамыр күніне арналған ауа райы болжамы

501
көрілім

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауып, күн күркіреп, жел соғып, тіпті шаңды дауыл болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріліп, күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Атырау облысында күндіз күн ыстық болады деп күтілуде.