22 жасқа дейінгі боксшыларымыз Азия чемпионатынан 24 медаль жеңіп алды

345
көрілім
Фото сурет ашық дереккөзден

 Қазақстан құрамасы бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында командалық есепте бірінші орын алды деп хабарлайды  Buqara.kz  сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, еліміздің боксшылары 24 медаль еншіледі. Оның ішінде ерлер командасында 13 медаль (8 алтын және 5 күміс) жеңіп алса, әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы 11 медаль (6 алтын, 4 күміс, 1 қола) иеленді.

Азия чемпионы атанғандар:

51 келі. Кенже Мұратұлы

54 келі. Нұрсұлтан Алтынбек

67 келі. Елнұр Сүйінбай

71 келі. Сабыржан Аққалықов

75 келі. Диас Молжігітов

80 келі. Ерасыл Жакпеков

86 келі. Темірлан Мұқатаев

92 келі. Бекнұр Батырбек

Күміс жүлдегерлер:

48 келі. Ернар Қарап

57 келі. Ерболат Сабыр

60 келі. Руслан Күзеубаев

63.5 келі. Ерасыл Таңқай

+92 келі. Аманат Сабырғали

Әйелдер арасындағы чемпиондар:

50 келі. Гүлнар Тұрапбай

60 келі. Шахназ Исаева

66 келі. Ақнар Ишанова

70 келі. Жасмин Қизатова

81 келі. Диана Мағауияева

+81 келі. Елдана Талипова

Екінші орында:

52 келі. Анита Адишева

54 келі. Элина Базарова

57 келі. Әнел Сақыш

63 келі. Анар Тұрсынбек

Қола жүлдегер:

75 келі Анастасия Баязитова

U22 Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде Үндістан және Өзбекстан үздік үштікке енді.