23-29 қыркүйек аралығына арналған жұлдыз жорамал

595
көрілім

Тоқты
Неге екені белгісіз, бірақ Тоқтылар осы аптада айналасындағыларды сынға алып, тырнақ астынан кір іздегілері келіп тұрады. Өзіңізді-өзіңіз қолға алыңыз. Ішкі жан-дүниеңіздегі тепе-теңдік жақыныңызбен емен-жарқын сөйлесіп, саябақта алаңсыз серуендеуге сеп болады.
Торпақ
Осы уақытқа дейін жалғыз жүрсеңіз, онда жақын арада екінші жартыңызды жолықтыруға әзір болыңыз. Жар таңдауда қателеспеймін деп ақбозат мінген асылыңызды іздейсіз. Дегенмен жұмыста сақ болып, болмашы қателіктерге бой алдырып жүрмеңіз. Жаңадан таныстық орнатсаңыз, айтарлықтай пайдалы болуы мүмкін.
Егіздер
Есіңізге сақтағайсыз, бақыт – тыныштықты қалайды. Сондықтан жеткен жетістіктеріңізді көпке жария етемін деудің еш қажеті жоқ. Сырт көзге мұндай жайттар мүлде ұнамайды. Көздері тиіп кетулері де мүмкін. Бұрындары әлдекімдермен керісіп қалсаңыз, тезірек татуласқан абзал. Өзіңіз үшін аумалы-төкпелі саналатын уақытта қандай да бір қателіктерге бой алдырудан аулақ болыңыз.
Шаян
Бұл кезде сізге досыңыз бен сүйгеніңіздің біреуін таңдау керек болады. Не істесеңіз де қадамыңыз нық болып, таңдауға келгенде екінші жартыңызға назар аударғаныңыз жөн. Ата-аналар тарапы бауыр еті баласының айтқанына құлақ түріп жатады. Мұнда тұрған еш әбестік жоқ, себебі кеңеске құлақ ассаңыз қауіп-қатердің алдын алып, дұрыс шешімдер шығаруыңыз мүмкін.
Арыстан
Арыстандар өздерін шығармашылық бағытта сынап көрсе болады. Айыңыз оңынан туып, бірқатар белестерді бағындырудың сәті түседі. Бір шаруаны қолға алсаңыз, болмаса үйде жөндеу жұмыстарын жүргізгіңіз келсе шығармашылық шабыт сізді берекелі бастамаға жетелейді. Бір жағынан қазіргі кезең дұрыс шешім шығаруға ең қолайлы сәт. Қаражатыңызды бостан-босқа шашып алып жүрмеңіз.

Бикеш
Қазір күтпеген жерден пайдаға кенелуіңіз мүмкін. Қосымша табыс табуға ұсыныс айтса, бас тартпағаныңыз абзал. Екінші жартыңызды дауыс көтеріп, ренжітіп алмаңыз. Оның сезімге беріктігін тексеремін деп жүрегіне жара салып алмаңыз.
Таразы
Күрмеуі қиын мәселелер жүйкеңізге әсер етуі мүмкін. Көмек сұраудан еш қысылмаңыз, себебі жақындарыңыздың кеңесі сізге ауадай қажет. Уақытылы ұйықтап, дер кезінде демала біліңіз. Өйтпегенде ескі жарақаттарыңыз сыр беруі мүмкін. Тынығатын уақыт таппай жүрсеңіз, қазір ең орайлы сәт.
Сарышаян
Соңғы уақытта сүйіктіңізге аз уақыт бөліп жүргеніңізді естен шығармаңыз. Ұнатқан адамыңызбен бірге дүкен аралап қайтсаңыз болады. Сырт келбетіңізге мән берсеңіз, өзге шаруаларды да өз деңгейінде атқарасыз. Мына нәрсені көкейге берік түйіңіз: өмірде еш қиындық жоқ, бәрін күрделендіретін айналадағы адамдардың өздері. Сондықтан қиындықтарға тап болсаңыз қатты күйінудің қажеті жоқ.
Мерген
Күтпеген жерден бір жаңалық естіп, соған көңіл-күйіңіз айтарлықтай түсіп қалуы мүмкін. Қапаланбаңыз, бәріне «уақыт емші» деген. Көп уақытыңызды достарыңыздың арасында өткізіңіз. Көмек сұраған жандар болса бас тартпай, білгеніңізді айтсаңыз өзіңізге айтарлықтай абырой әпермек.
Тауешкі
Қазір өз ортаңызда табан аудармай тер төгіп, белсене түссеңіз әріптестеріңіздің арасында беделіңіз артады. Тіпті жұмыстан кейін қалып, алдын ала жоспар құратын болсаңыз, ол сіздің биік белестерді бағындыру жолындағы сәтті қадамдарыңыз. Дегенмен сырт көзге жетістіктеріңізді бөлісе бермегеніңіз жөн.
Суқұйғыш
Қауырт тірліктеріңізді аптаның соңына дейін тәмәмдап алғаныныз дұрыс. Мұны кейінге қалдырсаңыз шаруаңыз шашетектен көбейеді. Сенбі, жексенбі күндері мейілінше жақсылап демалыңыз. Мәселен кешке қарай серуендеп келсеңіз құба-құп. Жалғызбастылар өзінің сүйіктісін жолықтыруы мүмкін.
Балықтар
Әріптестеріңібен бірнәрсеге келіспей жатсаңыз бір қадам да шегінбеңіз. Табандылық танытсаңыз кейін өзіңізге қандай да бір басымдық бермек. Туған-туыстарыңызды ренжітіп алып жүрмеңіз. Сізге айтуға қысылатын шығар, бірақ көмектесуге әзір болыңыз. Демалыс күндерін табиғат аясында өткізсеңіз алдағы қым-қуыт күндерге күш-қуат жинауға сеп болмақ.