23 – 29 наурыз аралығына арналған жұлдыз-жорамал

557
көрілім

Тоқты

Бір хобби тауып, көңіл-күйіңізді көтеруге тырысыңыз. Жоспарыңызға дос-жарандарыңызбен жолығып, жақындарыңызбен бас қосуды қосып қойыңыз. Дегенмен түрлі сырқаттар да соңыңызға «түсуі» мүмкін. Абзалы, ақ халаттыларға тезірек жүгінсеңіз, аурудың алдын алуға болады.

Торпақ

Қазір жаңадан таныстық орнатуға қолайлы уақыт. Жалғызбасты Торпақтар тағдырын жолықтырулары мүмкін. Қаржылық жағдайға мән берсеңіз, қарызға батып, несие алудың қажеті жоқ. Наурыз айының 24-ші жұлдызы сіз үшін ерекше күн болуы тиіс. Сол себепті жақындарыңызға сыйлық алып, әзір жүріңіз.

Егіздер

Өміріңізде болып жатқан жайттарды өз бетіңізше реттеймін деп мәселелерді ушықтырып алмаңыз. Одан да сол жағдайларға бейімделіп, өз-өзіңізге берік болыңыз. Туысқандарыңызбен сөзге келіп жүрмеңіз, ерте ме, кеш пе бір септіктері тиюі мүмкін. Бұл уақытта балаларыңыз да шектен тыс еркелік танытады.

Шаян

Өміріңізді қалай өзгерткіңіз келетіні жайлы ойланыңыз. Осы кезең ұтқыр шешімдер қабылдауға тиімді. Тіпті жазғы демалысыңызды қазірден бастап жоспарласаңыз да болады. Егер демалысыңызды отбасыңызбен немесе достарыңызбен өткіземін десеңіз тіптен керемет. Жалғыз қалудан сақ болыңыз.

Арыстан

Наурыз айының 23-і сіз үшін қуанышқа толы күн болмақ. Сүйікті адамыңыз қуантып, тіпті сыйлықтар да беруі мүмкін. Осы аптада түрлі кедергілер кезігіп, қиын тапсырмалар түсуі ғажап емес. Күрделі мәселелерді тезірек шешемін деп барлығын бірдей қамтығаныңыз да жарамас. Дұрысы, барлығын кезең-кезеңімен реттеген абзал.

Бикеш

Қазір жалқаулықпен күресудің орайлы сәті емес. Дегенмен осы бір жағымсыз қасиетті дер кезінде жеңбесеңіз кейін кесірі тиюі мүмін. Осы аптада қолыңыз тиіп жатса өзіңіз үшін пайдалы кітаптар оқуға тырысыңыз. Жуық арада жұмысыңызда көзге түсіп, бастығыңызды таңқалдырудың сәті түседі.

Таразы

Жұлдыздар өзіңізді сәл тежеп, аялдауға кеңес береді. Керек болса қосалқы жұмыстарды кейінге шегере тұрыңыз. Апта ортасына қарай жұмысыңызда қарбалас сәт туындайды. Жүктеменің барлығы сізге түскенімен тапсырмаларды бөліп-бөліп орындауға тырысыңыз. Уақтылы тынығуды да ұмытпаңыз.

Сарышаян

Сіздің әлеуетіңіз ұсақ-түйек тірліктерден бастап ауқымды шаруаларды еңсеруге жетіп-ақ тұр. Бәлкім, таңқаларлық дүние болып көрінуі мүмкін, десе де наурыз айының 27-сі сіз үшін ерекше күн болмақ. Ресми кездесулер болса, уақытын бекітіп, іске кірісіңіз!

Мерген

Айналаңыздағылардың назары сізге ауады. Бұл уақытта өзіңіз емін-еркін пікір алмасатын адаммен кеңесіп, сөзіне құлақ асқаныңыз жөн. Отбасыңызға, ата-анаңызға көбірек көңіл бөліп, көмек сұраса, бас тартпауға тырысыңыз. Жұмыс жағы күте тұрады.

Тауешкі

Ойда-жоқта әлдібеулер елітіп, сізді уысына түсіргілері келсе сауысқаннан сақ болуға тырысыңыз. Тіпті біреу-міреу тәтті-дәмдісін ұсынып, алдыңызға тағам әкелсе де бас тартқаныңыз жөн. Ал демалыс күндері өңіңізге қуат беретін нәрлі тағамдар тұтыныңыз.

Суқұйғыш

Бөгде біреулердің арандатуына ермей, салқынқандылық танытыңыз. Ашуыңыз келіп тұрса да ақылға жүгінген жөн. Қазірден қалмай қор жинап, қаржылық жағдайыңызды реттеп алуға қолайлы уақыт туып тұр. Алайда іске кіріспес бұрын адал серіктеріңізбен кеңесіп алыңыз.

Балықтар

Ойлаған ісіңізді толыққанды біржақты ете алмасаңыз өзіңізді жазғырмаңыз. Соңғы уақытта аянбай еңбек етіп жүргеніңізді атап өткен жөн. Сол үшін дүкенге барып ұнаған затыңызды сатып алып, немесе қалаған жаққа барып қыдырып келсеңіз де болады. Естеріңізде болсын, асқазанға ауыр тиетін тағамдар тұтынбауға тырысыңыз.