23 қыркүйекке арналған ауа райы

294
көрілім

Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл күтіледі. Түнде солтүстік-батыста тұман болады. Республиканың жекелеген өңірлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпарат.қа сілтеме жасап.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде жел 15-23 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с күшеюі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысында шаңды дауыл тұрады.

Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстанның жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.