«Қазгидромет» РМК 23 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты шығыста және оңтүстік-шығыста күн күркіреп, жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр. Сондай-ақ, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте және орталықта тұман түседі.
Шығыс Қазақстанда күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, бұршақ жаууы ықтимал. Сонымен қатар дауыл күтіледі.
Өңірдің жекелеген ауданында әлі де өте жоғары өрт қаупі сақталады.