24-26 тамыз аралығында ауа-райы қандай болады

637
көрілім

«Қазгидромет» РМК 2017 жылдың 24-26 тамызына арналған ауа-райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

— Ауқымды антициклон республиканың көптеген бөліктеріне әлі де ықпал етеді, осының әсерінен жауын-шашынсыз ыстық ауа-райы сақталады, тек елміздің батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты — өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, екпінді жел соғып, ыстықтың беті қайтады деп күтілуде. Солтүстік пен оңтүстік және орталықта күндіз термометр бағанасы 28-36 градус ыстық, ал шығыс және оңтүстік-шығыста 22-30 градусқа дейін көтеріледі, делінген хабарламада.