24 маусымға арналған ауа райы болжамы

458
көрілім

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


Бұршақ жаууы ықтимал, солтүстікте тұман түсіп, тек батыста және онтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с, тұман, найзағай түседі, бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, бұршақ жаууы мүмкін, Қарағанды облысында дауыл болады.
Павлодар облысының кей жерінде найзағай, тұман түседі, желдің күші найзағай кезінде 18 м/с.
Ақмола облысының кей жерінде найзағай, дауыл болып, желдің күші 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерінде найзағай, күндіз желдің күші 15-20 м/с.
Алматы, Түркістан облысының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с, Алматы облысында найзағаймен бірге жел күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысында қатты, кей жерде өте қатты ыстық сақталады.

Күндіз Алматы, Қызылорда облыстарында қатты ыстық болып, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз қатты, кей жерінде өте қатты ыстық сақталады.
Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, кей жерде Ақтөбе, Қостанай, Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.