25-31 мамырға арналған жұлдыз-жорамал

1143
көрілім

Тоқты

Тағдыр қосымша табыс табуға мүмкіндік жасайды, алайда оған қол жеткізу үшін біршама еңбектенуіңіз қажет. Аяқасты болатын іссапарларға, кешкілік жұмыстарға және қарбалас демалыс күндеріне әзір жүріңіз. Қуаныштысы сол, жеке өміріңізде барлығы сәтімен болғалы тұр.

Торпақ

Осы кезеңде сізге қолұшын созған жандардың барлығына алғыс айтуды ұмытпаңыз. Ал аяғыңыздан жиі шалып, қиындық қамытын ілгісі келетіндермен ат құйрығын кесіскеніңіз жөн. Ісіңіздің ілгерілеуіне қарай әріптестеріңіздің арасында сізге деген көре алмаушылықтар туындауы мүмкін. Ондайға жүйкеңізді тоздырудың қажеті жоқ.

Егіздер

Бұрын-соңды айналысып көрмеген істерді қолға алсаңыз болады. Сіз үшін өмірдің жаңа қақпасы ашыулы мүмкін. Түбі жолыңыз екіге айырылатын адамдармен байланысыңыз үзілсе, оған қапаланбаңыз. Кей адамдармен араласпағаныңыз сізге оң әсер етуі мүмкін.

Шаян

Егер махаббат айдынында бақталастарыңыз болса, онда олардың әуселесі әріге бармайды. Бұл ретте сіздің дегеніңіз болады. Десе де достарыңыздың арасында кикілжіңге араша түсемін деп басыңыз бәлеге қалмасын. Абзалы, қандай жағдай болсын, өз пікіріңіз өзіңізде қалсын.

Арыстан

Жұлдыздар бос уақытыңызды отбасыңызға арнап, жұмыс жағына керісінше, білек сыбана кіріспеуіңізге кеңес береді. Еңбекқорлығыңызды паш етемін деп жұмыста тым белсеніп кетпегеніңіз жөн. Себебі сіздің қажырлы еңбегіңізді шынайы бағалайтындар өте аз. Апта соңына қарай күйзеліске түсуіңіз мүмкін.

Бикеш

Мамыр айының соңында өміріңізді күрт өзгертетін жанмен жолығуыңыз мүмкін. Барлығына көз жұма қарамас бұрын, көп нәрсені ақыл таразысына салғаныңыз абзал. Кезең біліміңізді шыңдап, үйірмелерге жазылуға қолайлы. Үйіңізде де тыныштық орнайды.

Таразы

Кәсіби қызметі шығармашылықпен байланысты жандарға сәттілік серік болғалы тұр. Осы ретте едәуір көлемде сыйақыға ие болуыңыз да ғажап емес. Көңіл-күйіңізді түсіретін адамдармен мейілінше қарым-қатынас жасамағаныңыз абзал. Жағымсыз энергиялар жолыңызды бөгеуі мүмкін.

Сарышаян

Алдағы аптада өзіңіз бастан өткерген жайттардың барлығын қорытындылап, қандай жетістіктерге жеткеніңізді саралайсыз. Достарыңызбен әңгіме-дүкен барысында әр сөзіңізге абай болғаныңыз ләзім. Әйтпегенде артық әңгіме айтып қоюыңыз мүмкін.

Мерген

Ескі достарыңызбен жүздесесіз. Бұл кездесуге ең әдемі киіміңізді киіп, жаңадан шаш үлгісін жасатып барсаңыз тіптен керемет. Осы кездесу көптен дидарласпаған жандармен жолығуға мүмкіндік береді. Үйге барсаңыз балаларыңызға сыйлық алуды ұмытпаңыз, олар сіздің аналық махаббатыңызды күтеді.

Тауешкі

Ең жақын деген адамдарыңыздың өзі сіз ойламаған қылықтар шығаруы мүмкін. Тосын жайттарға әзір болыңыз. Тек апта соңына қарай жағдай тұрақталып, тынығуға мүмкіндік аласыз. Жұлдыздар қазір еңбек демалысын алмауға кеңес береді.

Суқұйғыш

Апта ортасына қарай жаңа серіктестермен танысып, ақыр соңында олардан жалыға бастайсыз. Қарбалас сәттерге мән беремін деп күш-қуатыңызды сарқып алмаңыз. Әріптестеріңіз ту сыртыңыздан сөз тасулары мүмкін. Мұндай әрекеттерге ең дұрыс жауап – ешкімді елемеу.

Балықтар

Өкінішке қарай, жақын адамдарыңыздың бірімен маңызды мәселені шешеміз деп араларыңыздан ала мысық өтуі мүмкін. Алайда қызуқандылыққа салынбай, жағдайға сабырлылықпен қарауға сіздің шама-шарқыңыз жетіп тұр. Сол себепті көңіл-күйіңіздің түсуіне жол бермей, қиын жағдайдың өзін қаз-қалпында қабылдауға тырысыңыз.