Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 25 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы күтіледі, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыста қатты жаңбыр күтіледі. Республиканың тек оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жекелеген өңірлерде тұман, екпінді жел, дауыл, бұршақ болжанады. Оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жекелеген аумақтарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с артады, бұршақ жаууы мүмкін.
Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл, тұман, 18 м/с екпіндегі жел, бұршақ болжанады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Алматы, Түркістан, Атырау, Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болжанады. Күндіз Маңғыстау облысының жекелеген аумағында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.
Сондай-ақ синоптиктердің ақпаратына сәйкес, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.