Тоқты
Тоқтыларға осы аптаны бірқалыпты, қандай да бір шалт қимылға бой алдырмай өткізген жөн. Тынығып, ұйқыны қандырып алыңыз. Қазір күш-қуатыңыз сарқылып тұрмаса да жан-жақтан келіп түскен ақпараттардың көптігі шаршаңқылыққа әкелмей қоймайды. Өзіңізді қалай сезініп жүрсіз, соған баса мән беріңіз.
Торпақ
Өзіңіз үшін де, сүйгеніңіз үшін де күрделі кезең. Тіпті бір ғана әрекет, қабылданған ұтымды шешім тағдырыңызға айтарлықтай өзгерістер алып келуі мүмкін. Ай толған шақта ойыңыз сан-саққа кеткендей болады. Сондықтан жалғыздықта болғанда кез келген жайтқа әзір жүріңіз.
Егіздер
Қазір қаржылық тұрғыда қам жеудің қажеті жоқ. Есесіне дәл осындай мәселемен жақын достарыңыз келіп жүгінулері мүмкін сізге. Мұның себебі неде деп сұрайтындар кезігуі мүмкін. Еш құпиясы жоқ. Сіз қалыпты тірлік кешіп, берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындйсыз, осының себебінен табыс та уақтылы келіп түсуде.
Шаян
Достарыңызбен алыс сапарға шығып, саяхаттағыңыз келсе түбі бір келеңсіздікке апаратынын естен шығармаңыз. Мәселе сізде емес, жаныңыздағы жолсеріктерде болса керек. Қолұшын беруден ат-тонын ала қашудың қажеті жоқ. Бұл да уақытша сынақ екенін қаперіңізден шығармаңыз.
Арыстан
Болып жатқан жайттарға көз жүгірте отырып, амалсыз дабыл қағып, сақтық танытуға тырысасыз. Мұныңыз дұрыс. Себебі жұмыстағы түйіткілдер мен отбасындағы дау-дамайдың соңы ушығып кетуі мүмкін. Бәріне бас қатырамын деп денсаулығыңызға мән беруді ұмытпаңыз.
Бикеш
Апта соңына қарай туыс-туғандарыңызбен бір тақырып жөнінде пікірталасқа түскіңіз келсе, осыған дейін жинаған біліміңіз сол «жекпе-жекте» жеңіп шығуға себепші болады. Одан арғы аптада ойыңызда жүрген жанға сезіміңізді білдіріп, махаббат кемесіне мініп қалуыңыз ғажап емес.
Таразы
Жұлдыздар табиғат аясына шығып, тау-тасты, құз-жартастарды кезуге тыйым салады. Жарақат алып қалуыңыз мүмкін. Жалпы осы кезде денсаулығыңызға баса мән беріңіз. Елеп-ескермеу салдарынан кейін сан соғып қалып жүрмеңіз.
Сарышаян
Қызғаныш сезімі, сүйіктіңізбен араңызды алшақтату, жұмыстағы келеңсіздік – осының бәрі жаңа жоспар бекітуіңізге негіз болады. Дегенмен әріптестеріңіз арасындағы келіспеушіліктер аса маңызды келісімшарттардың бұзылуына алып келуі кәдік. Нендей жайт болсын сабыр суыңыз сарқылмасын.
Мерген
Асығыс қабылданған шешімнен соң бармақ тістеп қалуыңыз мүмкін. «Әліптің артын неге бақпадым?» деп өз-өзіңізге сауал тастайсыз. Тіпті сол қадамыңыздан ісіңіз кері кете бастағандай болады. Бастысы, бағытыңыздан айнымаңыз.
Тауешкі
Жұлдыздар Тауешкілерді қазір қалай көкке өрлесе, оқыс қимыл жасау арқылы солай төмен құлдилайтындығын ескертеді. Қандай ұсыныстар түссе де жеті рет өлшеп бір рет кесіңіз. Жалған мәліметтер жарға жығуы мүмкін. Не де болса, өз түйсігіңізге иек сеніңіз.
Суқұйғыш
Шынайы достар үнемі жаныңыздан табылып, көмек қолын созатындығына тағы бір мәрте көз жеткізесіз. Айтпақшы, айналыңыздағы адамдармен жақын қарым-қатынаста болып, ұдайы байланыс жасап тұрудың жұмысыңызға да оң ықпал ететінін естен шығармаңыз.
Балықтар
Апта ортасына таман Балықтардың күш-қуаты толысып, өздерін сергек сезіне түседі. Ағзаңыздың қоршаған орта энергиясымен толыға бастағанын байқайсыз. Жеке өміріңізде оң өзгерістер орын алады. Серуендеңіз, тынығыңыз, алыс жаққа саяхаттап қайтыңыз.