Тоқты
Тоқтылар бұл аптаны отбасыларының бел ортасында өткізеді. Тұрмыстық заттар сатып алып, үйіңізге аз-кем өзгеріс енгізуге тырысасыз. Иә қазір артық-ауыз дүниелерден құтылып, жаңашылдыққа ұмтылатын сәтті.
Торпақ
Әлденеге алаңдап, күнде таңертең мазаңыз болмай тұрады. Тамақтану мәзіріңізден майлы, тәтті тағамдарды мүлде алып тастағаныңыз дұрыс. Бәлкім, сол кезде өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінесіз.
Егіздер
Неге екені белгісіз, көктемнің екінші айы аяқталуға жақындағанда көңілшек бола бастайсыз. Мұны жағымсыз қылық деуге келмес, қайта әлдекімдер үшін жүрегі жылы, қайырымды жан болып көрінуіңіз мүмкін.
Шаян
Шаяндарға сүйген адамы өзгенің құшағында кетпес үшін «шайқас» жүргізу қажеттілігі туындайды. Істің реті соған келсе бір қадам да артқа шегінбеңіз. Не нәрсе болсын сізге оңайлықпен келмейтінін ескеріңіз.
Арыстан
Тыныштықты жаны сүйетін Арыстандар үшін апта ортасында күтпеген кездесулер шығып, бір сәт шулы адамдармен пікір алмастыруға тура келеді. Тіпті демалыс күндері де алма-кезек қоңырау шалғандар әралуан сұрақтарымен мазаңызды алуы ғажап емес.
Бикеш
Үйдегілеріңізбен сөзге келмей қалуыңыз мүмкін. Мұның бір себебі – көзқарасыңыздың бір арнаға тоғыспауы. Кей сәттерде «қашан келін әкелесің?» деп те сауал тастайды. Дұрысы, екінші сауалға тезірек жауап беруге тырысыңыз.
Таразы
Жалпы, Таразылар табиғатынан томаға тұйық, сыртқа сырын аша бермейді. Мұны әріптестеріңіз еркелікке балап, одан әрі қалжыңдай түссе, өзгелер үшін бұл мінезіңіз өзімшілдік болып көрінеді. Не де болса, өзгеруге тырыспаңыз.
Сарышаян
Аяғыңызды аңдап басып, ақша жағына келгенде тіптен жинақылық танытуыңыз керек. Сыртыңыздан сөз тасып, сүрінген сәтіңізді асыға күтіп жүргендер аз емес. Сол себепті ұжымда сақтық, көпшілік арасында қырағылық танытқаныңыз жөн.
Мерген
Мергендер үшін апта соңы жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Айналаңызға топтасатын адамдардың барлығы шын жүректен қолдап, тілеулестік танытатын жандар болмақ. Жұдырықтай жұмылып, бар қиындықты еңсеруге мүмкіндік аласыз.
Тауешкі
Тауешкілердің кейбір қадамы көпшілікті таңқалдырмай қоймайды. Құдды күнде демалыс жарияланғандай, арқаны кеңге салумен жүреді. Не де болса апта соңына қарай күш-қуатыңызды жинап, күрделі тапсырмалар орындауға әзір болыңыз.
Суқұйғыш
Бұл өмірде сіз үшін өмірлік серігіңіздің алар орны ерекше. Жұмыстан келген бойда жылы сөздеріңізді жаудырып, қуаныш сыйлауға асық боласыз. Күндердің бір күні жарыңыз сізге де осы іспетті тосынсый жасауы мүмкін.
Балықтар
Әркімнің айтқан ақылына құлақ асамын деп дұрыс бағыттан ауытқып жүрмеңіз. Кей сәттерде өз бетіңізше шешім қабылдап, батылдық таныту қажет. Демалыс күндері достарыңызбен жолығып, көңіл сергітіп, бойжазып қайтқаныңыз ләзім.