26 шілде күні Өскемен қаласының әкімі тұрғындарды қабылдау жүргізеді

698
көрілім

Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев қала тұрғындарының жеке мәселесі бойынша айына екі рет қабылдау жүргізеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қалалық әкімдіктің сайтында, қала әкімінің қабылдауына әр айдың екінші және төртінші сәрсенбісінде баруға болатындығы көрсетілген. Қуат Тұмабаев соңғы рет тұрғындарды 12 шілде күні қабылдаған болатын. Ал келесі қабылдау — 26 шілдеде өтпек.

Сондай-ақ, толғандырған сауалдарыңыз болса әкім аппаратына кез келген уақытта хабарласа аласыз: Пермитин көшесі 17 мекен жайына баруыңызға немесе 26-85-68 нөміріне 8.00-ден 20.00-ге дейін қоңырау шалуыңызға болады.