«Қазгидромет» РМК мамандары 26 тамыз күні ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Республиканың басым бөлігі циклон және соған байланысты фронттардың ықпалында болады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, желдің күшеюі күтіліп, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстік және шығыстың кей жерлерінде тұман, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік, шығыс және орталық антициклон әсерінде болғандықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.