Тоқты
Білім саласында жұмыс істейтін Тоқтылардың жолдары болып, материалдық жағдайы жақсара түсуі мүмкін. Дегенмен, қаржыға байланысты мәселелерді көпшілікке жария етпегеніңіз жөн.
Торпақ
Тісіңіз ауырып, сүйегіңіз сырқырауы мүмкін, дегенмен бұл дерт ұзаққа созылмайды. Ең бастысы – нәрлі тамақтанып, денсаулығыңызды күтіңіз. Аптаның ортасын қарай барлығы қалпына келеді.
Егіздер
Күнделікті күйбең тіршілікті бір сәт ұмытып, үйіңізден алыс ұзап саяхатқа шығатын кез келген сыңайлы. Бұл белгінің өкілдері бұл аптада жақсы жұмысымен көзге түсіп, лауазымы жоғарлауы да мүмкін.
Шаян
Басшылық лауазымға жету мақсатында кез келген жолды таңдау мүмкіндігі туындауы мүмкін. Дегенмен, әріптестеріңіздің көңілін қалдыратын әдісті таңдаудың қажеті жоқ екенін ескертеміз.
Арыстан
Денсаулығыңыз сыр берсе, дәрігер қабылдауына жазылуды ұмытпаңыз. Ішімдік ішуден аулақ болып, әртүрлі техникалармен жұмыс істеуде абайлаңыз. Апта соңына қарай үйіңізге қонақ келуі мүмкін.
Бикеш
Бірқатар шаруаның басын таныстарыңыздың көмегімен шешесіз. Бойыңыздағы белсенділік бұрыннан кейінге қалып жатқан жоспарларыңызды іске асыруға септігін тигізуі ықтимал.
Таразы
Байлыққа тез жету мақсаты оянуы мүмкін. Дегенмен, мақсатқа жету үшін ең алдымен әріптестік пен достық қажет екенін ұмытпаңыз. Бұл аптада шығармашылық жұмыс жақсы пайда әкелуі ықтимал.
Сарышаян
Бұл аптада денсаулығыңызға көбірек көңіл бөліп, спортпен шұғылданыңыз. Достарыңызбен кездесіп, көңілді кештер өткізуге тырысыңыз. Ішімдік пен асқазанға ауыр асты көп қабылдамауға тырысыңыз.
Мерген
Алыс өңірлерге саяхаттауға қолайлы кезең. Кейбір Мергендерге үйде шығармашылықпен айналысуға да болады. Жұмысқа деген сүйіспеншілігіңіз бұл аптада қомақты табыс әкелері сөзсіз.
Тауешкі
Материалдық саладағы сәттілігіңіз достарыңыз бен туған-туысыңызға байланысты болмақ. Сондықтан қай бастамада болмасын жұдырықша жұмылып істеген істің сөзсіз пайда әкелері анық.
Суқұйғыш
Бойыңыздағы артық күш-қуатты пайдалы арнаға бұрып, айналаңызға жақсылық әкелуге тырысыңыз. Таза ауда серуендеп, дене қимылдарын жасау денсаулығыңзға пайдалы екенін естен шығармаңыз.
Балықтар
Кәсіби бағытта жағымды жаңалықтар орын алуы мүмкін. Басы бос Балықтар бұл аптада өмірлік серіктерін кездестіріп қалуы ықтимал. Апта қай істі болмасын қолға алуға өте қолайлы.