Тоқты
Жұмыста қарбалас көбейіп, жеке өміріңізде де түсініксіз жайттар көп болады. Тіпті соның салдарынан мереке қарсаңында демалып та үлгермейсіз. Не де болса қаңтар айының 2-сі әзір жүріңіз, сіз үшін ерекше күн болғалы тұр.
Торпақ
Отбасыңызбен шүйіркелесіп, өткен-кеткенге ой жүгіртетін сәт. Соның барлығының Жаңа жылға орайлас келуі мұнша жақсы болар ма? Жұлдыздар дастарханды жайнатып, қонақ шақыруға кеңес береді.
Егіздер
Өмірлік серігіңізбен нақты жоспар бекітіп, демалыс күндерін қалай өткізетіндеріңізді мұқият жоспарлаңыз. Дегенмен кез келген өзгерістерге әзір жүріңіз. Апта ортасында бейтаныс біреу қоңырау шалуы мүмкін.
Шаян
Демалыстарда арқаны кеңге салуыңыз жұмыс күндері ауыр тиіп жүрмесін. Сондықтан мереке қарсаңында ащы су тиегін ағытарда тізгін тартқаныңыз жөн. Тамыр-таныстарыңыздың кей қылықтары ащуыңызға тиюі мүмкін.
Арыстан
Махаббат кемесіндегі желкеніңіз берік болу үшін сүйіктіңізге жиі сыйлық жасаңыз. Апта ортасында маңызды келісімшартқа қол қойып, ықпалды серіктес табуыңыз ғажап емес. Қаңтар айында мол қаражатқа ие болуыңыз мүмкін.
Бикеш
Арманыңызға жетуіңізге аз қалғандай. Апта соңында күш-қайратыңыз толысып, екінші тынысыңыз ашылғандай болады. Демалыс күндері достарыңызбен бас қосып, жаңажылдық жоспарды талқылаңыз.
Таразы
Кейде көңіліңізді қалдырған жандарды да кешіруге тырысыңыз. Жаңа жыл алдында үйіңізге жақсылап тазалық жүргізіп, ескі заттардан құтылғаныңыз жөн. Мереке қарсаңында жұбайыңызбен кикілжің шығуы кәдік.
Сарышаян
Қазір ем-дәм сақтаймын деп құнарлы тағамдардан іргеңізді аулақ салмаңыз. Әйтпесе иммунитетіңіз әлсіреуі мүмкін. Ескі жарақаттарыңыз сыр берсе, ақ халаттылардың көмегіне жүгініңіз.
Мерген
Табиғатынан бауырмал Мергендер жаңа әріптестер тауып, айналасындағыларға ерекше мейірбандықпен көз тастайды. Басшылық жүктеген тапсырмаларды орындап бітпей жатсаңыз әріптестеріңізге жүгінгеніңіз абзал.
Тауешкі
Көптен бері демалуды ойлап жүрсеңіз кез келген сапарыңыз арманыңыздағы саяхатпен тең. Қайда барсаңыз да бала-шағаңызды апарудан еш қысылмаңыз: аздаған еркелік ешкімнің көңіліне келмес.
Суқұйғыш
Қаңтар басталысымен шұғыл шешуіңіз тиіс бірнеше тапсырма туындайды. Алаңдап, қобалжудың қажеті жоқ – барлығына да үлгересіз. Бастысы, рет-ретімен бөліп, асығыстыққа бой алдырмау қажет.
Балықтар
Қазір күрделі жоспар құрудың керегі жоқ, орындалмай қалуы ғажап емес. Одан да Барыс жылында басшылық үдесінен шығудың жаңа әдістерін ойластыра беріңіз. Бәлкім, мәнсап баспалдағымен көтерілудің сәті түседі.