2-8 қазан аралығына арналған Жұлдыз жорамал

976
көрілім

Тоқты

Бұл аптада уақытыңыздың көп бөлігін отбасыңызға арнап, жаныңызға жақын адамдарыңызбен бірге болыңыз. Сүйікті адамыңызға бағалы сыйлық алып берсеңіщ де артық болмайды.

Торпақ

Жақын арада атқарылуы тиіс жұмыстардың тізімін жасаңыз. Барлық мақсатқа тек жоспармен жететініңізді ұмытпаңыз. Жақын адамыңыз опасыздық жасауы мүмкін, сондықтан сақ болғаныңыз абзал.

Егіздер

Кейбір нәрселерге басқаша көзқараспен қарайтын уақыт келді. Белсенділігіңіз бен мақсат қойғыштығыңыздың арқасында көп нәрсеге қол жеткізуіңіз ықтимал. Жеке қарым-қатынастарды кейінге қалдырыңыз.

Шаян

Бұл аптада үй ішіндегі жұмыстармен айналысасыз. Жақын адамдарыңыздың, достарыңыздың мәселелерін шешумен айналысуыңыз мүмкін. Апта соңына қарай бір уақыт қауырт тіршіліктен арыласыз.

Арыстан

Бұл белгіде туғандарға сәті кезең орнайды. Басы бос Арыстандар сүйіктісін кезіктіріп, отбасылы Арыстандардың жанұяларында көптен күткен жағымды жаңалық болып қалуы мүмкін.

Бикеш

Аптаның басында бойыңыздан шаршаңқылықты сезінуіңіз мүмкін. Бұл аптада қандайда бір маңызды шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Кейбір мәселелерден айналып өтуге тура келуіңіз ықтимал.

Таразы

Бұл аптаны тыныш өткізем деп ойламаңыз. Жұмысбасты болып, қауырт істер көбейіп кетуі мүмкін. Айналаңыздағы адамдарға қатты сөйлеп, ренжітіп қоюдан аулақ болғаныңыз абзал.

Сарышаян

Туыстарыңыздың кесірінен өздігіңізден қандайда бір шешім қабылдауға қауқарсыз болуыңыз мүмкін. Дегенмен, кейбір істерде туған-туыстың ақылының көмектесетінін де ұмытпаңыз.

Мерген

Аптаның басында шешемін күттірмейтін істер көбейеді, сондықтан шыдамдылық танытып, айналаңыздағы адамдармен байсалды болыңыз. Жүйке жүйеңізді сақтап, орынсыз дау-жанжалға араласпаңыз.

Тауешкі

Аптаның басында психологиялық ауырлық сезініп, жүйкеңізді жұқартатын біраз адамдармен араласуға тура келуі мүмкін. Алайда аптаның аяғында атқарған ісіңіздің жемісін көріп, кіріс кіруі ықтимал.

Суқұйғыш

Отбасында біраз дау-жанжал орын алып қалуы ықтимал, дегенмен шектен шықпауға тырысыңыз. Шамаңыз келсе отбасы мүшелерімен тез татуласып, демалыстарға қарай демалып қайтыңыз.

Балықтар

Аптаның басында жұмыс көбеюі мүмкін, бірақ жұлдыздар бойыңыздағы күш-қуат пен денсаулығыңызды сақтауға кеңес береді. Барлық істі ой елегінен өткізіп, қателіктер жібермей атқаруға тырысыңыз.