Тоқты
Жас буын толықтай бақылаудан шығады. Бала-шағаңыз болса төзімділік танытқаныңыз абзал! Егер өзіңіз дайын болсаңыз жалғызбасты Тоқтыларды күтпеген кездесулер күтіп тұр. Көп уақытыңызды таза ауада өткізуге тырысыңыз.
Торпақ
Күйзеліс пен дабыл дәл қазір ығырыңызды шығаруы мүмкін. Толқынысыңызды баса біліңіз. Түрлі кездесулер сізге оң ықпал етуі мүмкін, кейбірі тіптен қуаныш сыйлайды. Қонаққа шақырса қалмаңыз – серігіп қайтасыз.
Егіздер
Бұл күндері әлдекімдермен ренжісіп қалсаңыз тезірек татуласуға тырысыңыз. Ұзаққа созылатын ұрыс-керістерден келіп-кетер ештеңе жоқ. Жұмыста сізге күрделі тапсырмалар қойылуы мүмкін. Оны орындамас бұрын оң-терісін таразыға салып, мұқият ойланыңыз. Сосын демалыс күндері жақсы тынығып алыңыз.
Шаян
Егер ойлағаныңыз жүзеге аспай жатса қатты қапаланбаңыз. Жуық арада орындалмаған жұмыстың тек жақсылыққа апаратынын түсінетін боласыз. Жеке өміріңізге сақ болыңыз, алаяқ адамдар аяқастынан бармақбасты әрекеттерге барулары мүмкін. Бір әрекетке бармас бұрын жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз. Бәлкім, іскерлік кездесулердің де болып қалуы мүмкін.
Арыстан
Сіз сарыла күтіп жүрген ақша күтпеген жерден түсуі мүмкін. Оны ақылмен жұмсауға тырысқаныңыз абзал. Бұрын жоспарламаған саяхатттарға да шығып кетуіңіз ықтимал, сондықтан қауырт жұмыстарыңызды ертерек аяқтап алыңыз. Диета сақтаймын деп денсаулығыңызды құртып алмаңыз.
Бикеш
Неліктен сүйіктіңізге романтикалық тосынсый жасамасқа? Сізге үшін қымбат жан оған сөзсіз қуанады. Осы кезде өткен өміріңізден әлдекім пайда болып түрлі көңіл-күйі сыйлауы мүмкін. Өз-өзіңізді қолға алып, жиі демалыңыз.
Таразы
Сіз үшін жемісті де жеңісті кезең болмақ. Үйде ешқандай жұмысты аяқтай алмасаңыз да жұмыста отырып бәрін уақытылы бітіресіз. Қаржылық тұрғыда жағдайыңыз оңалып, сүйікті ісіңізбен алаңсыз айналыссаңыз болады.
Сарышаян
Қазіргі уақытта өміріңізде жарқын сәттер орын алуы мүмкін. Әлдебіреулер жалған мақтаулар айтуы мүмкін, мән бермеңіз. Сіз бәріне де өз күшіңізбен жетіп келесіз. Аптаның соңына қарай ұнатқан адамыңызбен келіспей қалуыңыз мүмкін. Мәселенің мән-жайын мұқият саралағаныңыз жөн.
Мерген
Сіз құдды ешнәрсеге үлгермей жатқандай болуыңыз мүмкін. Шынтауйтына келгенде солай. Жинақталыңыз! Балаларыңыз сіздің көптеп көңіл бөлуіңізді қалайды. Одан бөлек, кейбір істі кейінге қалдыруға тура келеді. Бастысы, денсаулығыңызды күтіңіз, ауырып қалсаңыз жұмыстарыңыз бітпей қалуы мүмкін.
Тауешкі
Аптаның соңына қарай жоспарлағандарыңызды амалсыз кейінге шегеруге мәжбүр боласыз. Себебі уақыт ағымы солай. Әріптестеріңізбен келіспей қалуыңыз мүмкін. Кикілжіңнен іргеңізді аулақ салыңыз, әйтпесе біреу-міреу аяғыңыздан шалуы мүмкін.
Суқұйғыш
Көтере алмайтын шоқпарды белге байлап қажеті жоқ. Орындалмай жатқан істерге қатты күйінбеңіз. Қаржы аударатын болсаңыз, абай болыңыз, кей сәттер сіз үшін сәтсіз болуы мүмкін. Демалысыңызды қалада өткізгеніңіз дұрыс, абзалы осы болмақ.
Балықтар
Бұл кезеңде ойластырған жоспарыңыз орындалмауы мүмкін. Жақын адамдарыңыз жарға жығуы да ғажап емес. Қаржылық ұсыныстар түссе бас тартып жүрмеңіз. Себебі қазір сіз үшін іскерлік мәнсабыңызды өрлететін уақыт. Ал жеке өміріңізде керісінше, ақша табамын деп абыройыңызды төгіп алмаңыз.