Тоқты
Кейбір көңіліңізге жақпайтын адамдармен арақатынасты үзуге ыңғайлы уақыт. Бұл аптада уақытыңыздың көбін таза ауада серуендеуге арнаңыз. Дәрігер кеңесіне емес, өз түйсігіңізге сеніңіз.
Торпақ
Бұл аптада кейбір адамдар сіз жайлы алып-қашпа әңгімелер таратуы мүмкін. Дегенмен, оған бола көңіліңізді түсірудің қажеті жоқ. Апта соңына қарай айналаңыздағы адамдар сіздің шынайы бейнеңізге көз жеткізері анық.
Егіздер
Апта бойы сіз үшін бірінші кезекте жұмыстың тұрары анық. Бұл бір жағынан жаман емес. Өйткені еңбекқорлығыңыз сізді лауазымдық жоғарлауға бір табан жақындата түсері анық.
Шаян
Кейбір кездері артық сөз айтып қоюыңыз мүмкін. Бұл өз кезегінде туыстарыңызбен арақатынасты нашарлатып жіберуі мүмкін. Апта соңына қарай достарыңызбен кездесіп көңілді кеш өткізуіңіз мүмкін.
Арыстан
Қаржылық мәселелерді шешумен айналысасыз. Ақшаны байыппен ұстап, өзіңізге керекті заттарды ғана сатып алуға тырысыңыз. Жұмысқа байланысты жақсы ұсыныстар болса бірден қабылдаңыз.
Бикеш
Кейбір мәселелерді шешуге енжарлық танытуыңыз мүмкін. Өзіңізге күш-қуат беру үшін кейбір тұрмыстық міндеттерді шетке ысыра тұруға тура келеді. Жұмыс орныңызда ешкіммен жанжалдаспауға тырысыңыз.
Таразы
Бұл аптада өзіңізді жақсы жаққа өзгертуге талпынуыңыз мүмкін. Ең алдымен бет-жүзіңізді, киім киісіңізді жаңа қалыпқа көшіруден бастаңыз. Жаңа адамдармен танысуыңыз ықтимал.
Сарышаян
Жеке өміріңізде бірқатар өзгерістер орын алуы мүмкін. Басы бос Сарышаяндар бұл аптада өмірлік серіктерін кездестіріп қалуы әбден мүмкін. Демалыс күндерін тынығуға арнағаныңыз жөн.
Мерген
Апта бойы сізге жағымды тосынсыйлар көп болары анық. Сондықтан жақсы жаңалықтарды қабылдауға әзір болыңыз. Жұмыс орныңызда жақсы ұсыныстар түсуі мүмкін.
Тауешкі
Аптаның екінші жартысында ешкіммен араласуды қаламауыңыз мүмкін. Бұл уақытта уақытыңыздың басым бөлігін тынығуға арнағаныңыз абзал. Денсаулығыңызды күтіп, майлы ас қабылдауды азайтыңыз.
Суқұйғыш
Бұған дейінгі өміріңіз бір сарында болса, алдағы апта көптеген қызықтарға толы болмақ. Дегенмен, көп уақыттан бері араласпай кеткен таныстарыңыздан сақ болғаныңыз абзал.
Балықтар
Бұл аптада желкеңізге жалқаулық мініп, көптеген жоспарларыңызды кейінге қалдыруыңыз мүмкін. Дегенмен, апта соңына қарай еріншектікті қойып біраз жұмыс істеуге тура келеді.