Тоқты
Үнемі ой үстінде, әлденеге алаңдаумен жүресіз. Ақша болсын, кез келген мәселеге қатысты түйткілдердің пайда болып, кейін бірден шешімін табуы өмірдегі қазіргі аяқ алысыңызға байланысты. Сондықтан бір қадам алға басуға тырысыңыз.
Торпақ
Осы аптада Торпақтардың өзімен-өзі қалғандары жөн. Себебі көптеген күрделі жайттарды саралауға мүмкіндік аласыз. Әлеуметтік тұрғыда белсенділік танытқаннан гөрі алыс жақтарға саяхаттап қайтыңыз.
Егіздер
Аптаның алғашқы жартысында денсаулығыңыз сыр беріп, өзіңізді жайсыз сезінесіз. Тәтті мен ащыға деген әуестік бүйрек, бауыр қызметіне кері әсер етуі ғажап емес. Дұрысы, ақ халаттылардың қабылдауына барыңыз.
Шаян
Алғашқы 10 күнде шаш етектен қордаланған шаруалардың әлегімен жүресіз. Оқыс шешім шығарудан аулақ болыңыз. Егер басқа жұмысқа ауысуды ойласаңыз жеті рет өлшеп, бір рет кескеніңіз жөн.
Арыстан
Арыстандар табиғатынан кірпияз, өзіне қандай қарым-қатынас жасалды, бәрін де ұдайы жадында ұстайды. Олардың кейбір қызбалыққа салынған кездерін көпшілік көтере алмай қалулары мүмкін, алайда олардың іскерлігі шынымен де таңдай қақтырарлық.
Бикеш
Жұмыста бар ынта-жігеріңізді іске қосып, әріптестеріңіздің арасында беделіңізді арттыра түсіңіз. Бұлай ету оңай болмаса да басшылық жүктеген әр тапсырманы тиянақты етіп орындаңыз. Бикештер қатарының алды болғанды ұнатады.
Таразы
Осы аптада көпшілік ортасында көбірек уақыт өткізіңіз. Сауықтыру шараларына қатысып, өзіңізді қазы ретінде сынап көріңіз. Егер бос уақытыңызды барынша тиімді өткізгіңіз келсе, қосымша үйірмелерге жазлыңыз.
Сарышаян
Қарбаласқа пен тосын жаңалықтарға толы кезең болмақ. Күш-қуатыңызды молынан жұмсағаныңызбен, қайта қалпыңызға келу көп күттірмейді. Шаршағанды басамын деп ішімдік пен темекіге әуестеніп кетпеңіз.
Мерген
Өзіңізді шығармашылық бағытқа бұрғыңыз келеді. Алайда кейбір материалдық қажеттіліктер кәсіпке ойысуыңызға себепкер болады. Ұдайы қарбаласпен жүріп өмірлік серігіңізге көңіл бөлуді ұмытпаңыз.
Тауешкі
Мәнсап сатысымен жоғары өрлеп, басқа қызметке ауысуға қолайлы кезең. Мол табысқа кенелуіңіз өзіңіздің кәсіби біліктілігіңіз бен жұмыс стиліңізге байланысты. Сондықтан жүйелі жоспарды таңертең ерте құрғаныңыз жөн.
Суқұйғыш
Қазір сенімді серік тауып, маңызды келісімшарт жасасудың тамаша мүмкіндігі туып тұр. Кез келген адамның ақыл-кеңесіне құлақ түріп, ой-пікірін тыңдаудың еш әбестігі жоқ. Демалыс күндері отбасыңызбен табиғат аясына шығып қайтыңыз.
Балықтар
Қаржы мәселесі қыспаққа алып, күш-қуатыңыз соны қалыпқа келтіруге жұмсалады. Алайда түйткілдің төркіні сізде емес! Сағыңыз сынбасын, дегенмен өзгелердің табысын санаудан аулақ болыңыз.