Тоқты
Жуырда жіберген қателеріңіз болса түзеп, соған іштей сараптама жасаңыз. Еңбек демалысыңыз таяу болса, осы бастан жоспарлап, керек болса билет те алып қойыңыз. Егде тартқан туысқандарыңыздың хал-жағдайын біліп қойсаңыз артық етпейді.
Торпақ
Жеке өмір мәселесіне келгенде нақты шешім қабылдаған жөн: қалу керек, не көшті басқа жаққа бұру қажет. Мұндайда достарыңызды емес, өз жүрегіңізді тыңдаңыз. Қазір қарыз беруге қолайсыз уақыт.
Егіздер
Эмоциялық тұрақтылық жетіспеуі мүмкін. Көңіл-күйіңіз сағат сайын болмаса да, күнделікті әралуан күйде болады. Суық тиюдің белгілері байқалса, барлығын ысырып қойып демалғаныңыз жөн.
Шаян
Алда ұмытылмас кезең күтіп тұр. Түрлі кездесулер мен басқосуларға шақырып, мақтауыңызды асырады. Осы аралықта жұмыс жағынан тиімді ұсыныс түсуі ғажап емес, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Арыстан
Тұрақсыз кезеңдердің бірі: бүгін өзіңіз күтпеген сыйлық алсаңыз, ертең ойламаған жерден әлдеқандай жайт көңіл-күйіңізді түсіреді. Барлығын қаз-қалпы қабылдасаңыз өткеруіңіз де оңайға түседі.
Бикеш
Осы кезеңде кімдермен аралас-құралас болып, ой алмаса алатындығыңызды жақсылап бекітіңіз. Сүйіктіңізге еш дауыс көтермей, қайта жылы сөздеріңізді жаудыра түсіңіз. Демалыс күндері таза ауада жүріп қайтқаныңыз дұрыс.
Таразы
Сіз үшін жұмыс ең бірінші орынға шығады. Бұл да жаман емес, бір жағынан мәнсап баспалдағымен өрлеуге мүмкіндік аласыз. Дегенмен отбасын да еш кәперіңізден шығармаңыз, әйтпесе жоқ жерден ұрыс-керіс болуы неғайбыл.
Сарышаян
Жаңа нәрселерді қолға алуыңыз мүмкін, нәтижесінде ойыңыз мүлде басқа жаққа ауады. Қазір жаңа достар мен әріптестер табуға қолайлы кезең. Шақырылған жерлерден қалмауға тырысыңыз.
Мерген
Жақын күндері ұсақ-түйек шаруалар шығып, бос уақытыңыздың барлығы соған кетеді. Жолға шыққанда абай болыңыз. Қазір жақсылық жасауға асығыңыз, түбі оң нәтиже берері сөзсіз.
Тауешкі
Айналаңыздағы адамдарға көмек беруге мүмкіндігіңіз болады. Қолұшын бересіз бе, әлде бас тартасыз ба – шешім қабылдау өз еркіңізде. Неғұрлым маңызды нәрселер жоспарлаңыз, бірі болмаса, бірі орындалары хақ.
Суқұйғыш
Қолға алған ісіңізді соңына жеткізу үшін салқынқанды болғаныңыз абзал. Көп жағдайда ойлаған дүниелеріңіздің барлығы дерлік орындалмауы мүмкін. Асқазаны ауырып жүрген Суқұйғыштарға ақ халаттыларға қаралуға қолайлы уақыт.
Балықтар
Үйдегі жұмыстарға көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Барлығын ысырып, осыған көңіл бөлсеңіз, апта соңында оң нәтижесін байқайсыз. Көмек қолын созған адамдардың барлығына сене беруден аулақ болғаныңыз жөн.