29 сәуір-5мамыр аралығына арналған Жұлдыз жорамал

638
көрілім

Тоқты

Бұл аптада айналаңыздағы адамдардың сізге қояр сұрағы көбейіп кетуі ықтимал. Басшылығыңыз да кемшілігіңізді бетіңізге басуы мүмкін. Дегенмен қандай жағдайға болмасын шыдап, барлық нәрсеге өткінші деп қарағаныңыз абзал.

Торпақ

Кезең денсаулығыңыз үшін қауіпті. Сондықтан өзіңізді күтіп жүргеніңіз жөн. Бұл уақытта жылы киініп, дәруменге бай ас қабылдаңыз. Таза ауада жиі серуендеңіз. Бойыңызды басқан ауырлықтан осылай ғана құтыла аласыз.

Егіздер

Бұл аптада бойыңыздағы күш-қуатыңыз тасып, барлық істі бір сәтте тындырып тастайтындай қалыпта болуыңыз мүмкін. Дегенмен сабыр сақтаңыз. Әр нәрсені жөнімен істеп, жоспарларыңызды кезең-кезеңімен іске асырыңыз.

Шаян

Бұл аптада туған-туысыңызға көбірек көңіл бөлетін кезең. Көп уақыт бойы хал жағдайын сұрай алмай жүрген жұрағаттарыңызға барыңыз. Мүмкіндік болса, қолыңыздан келер көмекті аямай қолұшын созуға тырысыңыз.

Арыстан

Кез келген нәрсеге ашулануыңыз мүмкін. Жүйкеңіздің сыр беруі жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағымен байланысты. Бұл бойыңыздағы дәрумендер азайып кетті деген сөз. Ендеше шара қабылдаңыз!

Бикеш

Апта бойы отбасы ошақ қасындағы мәселелерді шешумен боласыз. Күнделікті күйбең тіршіліктен қашамын деп ойламаңыз. Оның үстіне бүгін тындырылмаған іс ертеңгі күні екі есе қалыпта бой көрсетуі мүмкін.

Таразы

Бұл аптада басы артық шығыныңыз көп болуы мүмкін. Дегенмен, жұлдыздар осыған жол берді екен деп тым асыра сілтеп жіберуден сақ болыңыз. Қолыңыздағы қаржыны үнемдеуге тырысқаныңыз жөн.

Сарышаян

Бұл апта көптеген сарышаяндар үшін жайлы болмақ. Сол себепті уақытты пайдаланып тынығып алу қамын жасаңыз. Отбасыңызды, жақын адамдарыңызды алып демалып қайтуға тырысыңыз.

Мерген

Бұл аптада денсаулығыңызға көңіл бөліп, бір уақыт дәрігер кеңесіне құлақ асқаныңыз абзал. Қажет десеңіз профилактикалық тексеруден өтіп, дәрігерден дәрумендер жаздырып алуыңызға болады.

Тауешкі

Өзге біреудің ықпалына түсіп кетуден сақ болыңыз. Бұл аптада сіздің үстіңізден пайда тапқысы келетін адамдардың қатары көбеюі мүмкін. Ең дұрысы мұндай адамдарға жұмысыңыздың көп екенін сытлау еткеніңіз.

Суқұйғыш

Кәсіби салада қандайда бір жетістіктерге жете қоюыңыз неғайбыл. Сондықтан бұл аптаны барынша тыныштықта өткізуге тырысыңыз. Отбасыңызбен бірге табиғат аясында тынығып қайтуға күш салыңыз.

Балықтар

Айналаңыздағы адамдардың мәселесі түкке тұрмайтындай көрінуі мүмкін. Дегенмен, олардың орнына өзіңізді қойып көріңіз. Сонда ғана оларды түсінесіз. Осы себепті жақын адамдарыңызға қолдан келер көмекті аямауға тырысыңыз.