Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында боран болуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оңтүстік-шығыстан екпіні 15-18 м/с жететін жел соғып, оңтүстік-батысқа ауысады.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға келесідей нұсқаулар береді:
елді мекендерден алыс жолға шықпаңыз;
жылдамдық пен қашықтықты сақтаңыз;
жаяу жүргіншілер жолында қауіпсіздікті сақтап, асықпай өтіңіз; желдің екпіні кезінде сымдарға және тербелетін заттарға жақындамаңыз;
аялдамалардың артына немесе ағаштардың астына тығылмаңыз;
төтенше жағдай туралы «101» немесе «112» нөміріне хабарлаңыз.
Қымбат МУХАМАДИЕВА