2 қазанға арналған ауа райы болжамы

590
көрілім

2 қазан күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашынды ауа райы сақталады, елдің тек шығыс және оңтүстік шығысында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстанның кей аумақтарында 15-20 м/с-қа дейін желдің күшеюі күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде жел 15-20 м/с артады, Жамбыл облысында оның екпіні 25 м/с жетеді.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Алматы, Қарағанды облыстарында 5 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Сондай-ақ Қызылорда облысында, Ақтөбе мен Атырау облыстарының басым бөлігінде, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.