Тоқты
Маңайыңызда сіздің құпияларыңызды білетін адамдар өте көп. Бұл аптада сол адамдардан араңызды біраз алшақ ұстағаныңыз абзал. Іштарлық жасайтын адамдар мұны өз пайдасына жаратып кетуі ықтимал.
Торпақ
Бұл апта адамдармен қарым-қатынас ұстауға өте қиын кезең. Бойыңыздан шаршаңқылық байқалатындықтан, уақытыңыздың көп бөлігін демалуға арнап, отбасы мүшелерімен өткізгеніңіз абзал.
Егіздер
Әртүрлі ойын-сауық шараларын кейінге шегеріп, демалуға, денсаулығыңызды күтуге көңіл бөліңіз. Уақытылы ұйықтап, тамақтаныңыз. Ал аптаның екінші жартысы жағымды жаңалықтарға толы болады.
Шаян
Көңіл-күйіңізді бірқалыпты ұстап, айналаңыздағы адамдармен дау-жанжалға бармағаныңыз дұрыс. Уақытыңызды ұтымды пайдаланып, үйде, жұмыс орныңызда жиналып қалған істерді аяқтаңыз.
Арыстан
Отбасы мүшелерінің пікірлерімен санасыңыз. Белсенділік танытып, кейбір басы ашылмаған мәселелерге жаңа көзқараспен қарауға тырысыңыз. Апта соңына қарай қаржыға байланысты мәселелерге жоламаңыз.
Бикеш
Өзгелердің айтқан сөздерінің барлығы шындыққа жанасымды болмауы мүмкін, сондықтан әркімнің сөзіне еріп кетпеңіз. Бұл аптада маңызды шешімдер шығаруға тырыспағаныңыз абзал.
Таразы
Аптаның екінші жартысында сәттілік өзіңіздің жағыңызда екен деп кейбір күмәнді істерге ден қойып кетпеңіз. Жұлдыздар сізді құмар ойындардан аулақ болуға шақырады.
Сарышаян
Апта соңына қарай ойламаған шығындар орын алып, қалтаңыз біраз жұқарып қалуы ықтимал, сондықтан қолыңыздағы қаржыны үнемдеп ұстағаныңыз абзал.
Мерген
Жоспарларыңыз көп, бірақ уақытыңыз жоқ! Қарбалас сәттерде қоғамнан теріс айналып, ойға шомылудың қажеті шамалы. Ең дұрысы – досыңызға қоңырау шалып кеңес сұраңыз, бірден жеңілдеп қаласыз.
Тауешкі
Таныс адамыңыздан көңіліңіз қалуы мүмкін. Араздықты артынан ұзақ уақыт қалпына келтірілетініңізді ұмытпаңыз, сондықтан бір нәрсені шорт кеспес бұрын ойланып алғаныңыз абзал.
Суқұйғыш
Лауазымдық өсу жолында қандайда бір маңызды шешімдер қабылдаудан алшақ болыңыз. Сіздің артық қимылыңыз басшылыққа жақпай қалуы ықтимал. Аптаны тыныш, бірқалыпты сарында өткізіңіз.
Балықтар
Жұмыс орныңызда көптен күткен мақтауларға ие болып, сыйақы алуыңыз мүмкін. Бұл аптада көңіліңіздегі қорқынышты бір уақыт басып басқа жұмыс іздеп көруіңізге де болады.