ҚР Денсаулық министрі Алексей Цой бірнеше айда өрши түскен жұқпалы індет салдарына тоқталып, дәрігерлердің инфекцияны жиі жұқтырып жатқандығын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Министрдің сөзінше, көршілес елдерде жағдай ушығып тұрғанымен мемлекет тарапынан шекарадағы санитарлық талаптардың сақталуына күш салу нәтижесінде вирустың одан әрі таралуына тосқауыл қойылды. Яғни, елге инфекция алып кірушілер тіркелмеген. Десе де ел ішіндегі карантиндік талаптардың сақталмауынан күн санап коронавирус жұқтырғандар саны да артуда.
– Қазір коронавирус «үй жағдайында» таралуда. Маусым айының 30-ы күні ел көлемінде 40 мыңға жуық адам вирус жұқтырып, қайтыс болған фактілер де тіркелді. Қалалар тұрмақ, шалғайдағы елді мекендерде тұрғындар арасында бұл індетке шалдыққандар саны күрт көбейді. Дәрігерлерге артылған жүктеме де ауыр. Өмірлерін қатерге тігіп, инфекция жұқтырған адамдарға тиісті көмек көрсету кезінде өздері де вирус жұқтыруда. Соның салдарынан қазір ауруханаларда кадр тапшылығы байқала бастады, – деді Алексей Цой.