Тоқты
Қазір сіз үшін аса ыңғайлы мерзім болмаса да, кезең соңына қарай бір жақсылықты күтіңіз. Айналаңыздан қолдау іздесеңіз достарыңыздан бұрын ата-анаңызбен кеңескеніңіз жөн. Жуық арада жоспарлап жүрген мақсатыңыз жоққа шығып, ойлаған істеріңіз орындалмауы мүмкін. Десе де кейін мұның бір жақсылыққа жетелегенін түсінесіз.
Торпақ
Осы аптада «Жылтырағанның барлығы алтын емес» дегенді терең ұғынып, есіңізге жиі алып отырыңыз. Жуырда танысқан адамдармен тығыз қарым-қатынас орнатамын деп бармақ тістеп қалмаңыз, күтпеген жерден аяқтан шалулары мүмкін. Отбасыңызда түрлі келеңсіздіктер орнап, ұрыс-керіс туындайды. Өз-өзіңізге берік болыңыз.
Егіздер
Асығыс шешім шығармай, жарты жолдан пайда болып кеңес айтқандардың әр сөзін ой елегінен өткізіңіз. Қазір қызуқандылыққа салынбай шешім шығарғаныңыз жөн. Осы кезең қордаланып қалған қарбалас тірліктерді біржақты етуге қолайлы. Абзалы, шаруаларыңызбен жұмыс күндері айналысып, демалыс күндері тынығып алыңыз.
Шаян
Өзіңізді шығармашылық тұрғыда дамытуға қазір қолайлы сәт. Қазір білім алып, кәсіп ашып, өз ісіңізді бастауға барлық жолдар ашық. Сондықтан сылбырлық танытпаңыз. Қаржылық қиындыққа тап болсаңыз әбіржіп, қапаланбаңыз. Осы жолы сәттілік сізді қолдайды.
Арыстан
Әйтеуір апта соңына қарай көктемгі көңіл-күй пайда болып, жүзіңізге күлкі үйіріледі. Кедергі-кесапаттардың беті қайтып, түйткілді мәселелер өздігінен шешімін табады. Ойыңыз ұдайы бір жерден шығатын жандармен тізе қосып, әрекет еткеніңіз дұрыс. «Жалғыздың үні шықпас» демекші, қиындықтарды бір өзіңізге жеңу оңайға соқпайды.
Бикеш
Күрмеуі қиын жұмыстарға барыңызды салып кіріспегеніңіз жөн, күш-қуатыңызды сарқып аласыз. Достарыңызбен жиі дидарласуға тырысыңыз. Жанұяңызда анда-санда тізгінді жұбайыңызға беріңіз, бұдан еш ұтылмайсыз. Шығармашылық адамдарының шабыты келіп, құлшыныстары арта түседі.
Таразы
Өзгелер таңдай қағатындай бірегей жобалар мен анау айтқандай бір ғаламат жоспар құрмағаныңыз жөн. Себебі жоқ жерден бастығыңыз тапсырмаларды бірінен соң бірін үймелетіп, сізді сынап көруге тырысады. Дегенмен қазіргі уақытта бір баяулықты байқайсыз, сол себепті сіз де аса белсенділік таныта бермеңіз.
Сарышаян
Қазір сізді шынайы романтикаға толы кезең күтіп тұр. Сүйіктіңіздің сізге деген ғашықтық сезімі күшейе түскендей ме қалай, не болса да дегеніне көніңіз. Алайда жұмыста әлдекім аяғыңыздан шалуды мақсат етуі мүмкін. Дау-дамайды шешемін деп жүйкеңізді жұқартпаған жөн. Бастысы, өзі міндетіңізге мығым болыңыз.
Мерген
Наурыз айының 30-шы жұлдызы сіз үшін күтпеген жайттарға толы болады. Маңызды кездесулеріңізді тап осы күнге белгілеңіз. Апта соңына қарай қалтаңыз жұқаруы мүмкін. Қолыңыздағы қаражатты қалай болса солай жұмсамайтын болсаңыз барлығы реттеледі. Абай болыңыз, әйтпесе ойда-жоқта жарақат алуыңыз да ғажап емес.
Тауешкі
Отбасындағы үлкендермен кеңесемін деп бірқатар мәселелерге тап болуыңыз мүмкін. Олардың берген ақыл-кеңесі көңілізден шықпай, ақыр соңында өзіңіз дұрыс санаған шешімді қабылдайсыз. Мұндайда жұбайыңыз сізге қолдау білдірсе, онда қам ештемеден тайынбаңыз. Апта соңында табиғат аясында шығып қайтыңыз.
Суқұйғыш
Қазір маңызды келіссөздер жүргізіп, салмақты мәселелерге мән берсеңіз ісіңіз алға басқалы тұр. Жұлдыздар жуық арада табысқа кенелетініңізге сенімді. Сондықтан барынша биіктен көрініп жүруге тырысыңыз. Спортзалға барып, дене бітіміңізге де мән беруді ұмытпаңыз. Сырт келбеттің келісті болуы да артық етпейді.
Балықтар
Балықтардың баршасы бірдей табысқа кенеледі деу қиын. Сол үшін еңбекқор, табанды қалпыңыздан танбаңыз. Жеке өміріңізде бәрі сіз ойлағандай болмаса да, Жұлдыздар түбінде бір жақсылықтың болатынына еш күмән келтірмейді. Көпшілік арасында пікіріңізді айтуға еш қысылмаңыз.