Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты тек оңтүстік-батыста күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Өзге өңірлерде тұман түсіп, екпінді жел сақталады, оңтүстікте сондай-ақ шаңды дауыл болуы ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 30 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.
Қарағанды облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 18 м/с артса, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.
30_nauryzha_arnalhan_aua_rayy_bolzhamy_
59