31.07.2017 - 06.08.2017

745
көрілім

Тоқты
Бұл апта сіздің материалдық жағдайыңыз бен жұмыс барысында бірқатар келіспеушіліктер орын алып қалуы мүмкін. Бұл күндері үй жұмыстарын ретке келтіріп, уақытыңызды отбасымен өткізуге тырысыңыз.
Торпақ
Ұрыс-керіс пен дау-жанжалдан аулақ жүруге тырысыңыз. Жүйкеңізді жұқартып, денсаулығыңызға сызат түсіретін жаман әдеттер мен жағымсыз адамдардан оқшауланып, демалысқа көңіл бөліңіз.
Егіздер
Үй ішіндегі жөндеу жұмыстарын бастауға қолайлы кезең. Бұл апта сізге демалыс сыйламайтыны айдан анық, сондықтан бір орында отырмай бойыңыздағы күш-қуатты пайдалы салаларға бағыттай біліңіз.
Шаян
Сізді жұмыс пен демалысты қатар алып жүретін апта күтіп тұр. Қызметі ойын-сауық саласымен байланысты Шаяндар үшін нағыз таптырмайтын кезең. Ендеше тек алға, көңіл көтеріп, ақша табыңыз!
Арыстан
Денсаулығыңызға жауаптылықпен қарап, алдын алу шараларына ден қойыңыз! Тіпті өзіңізді жақсы сезінгенмен, бойыңыздағы өмірлік энергияңыз өте әлсіз болғандықтан, денсаулығыңыз аздап сыр беруі мүмкін.
Бикеш
Отбасылық қарым-қатынасты бір деңгейде ұстап тұру қиынырақ болуы мүмкін. Дегенмен, екінші жартыңыздың сізге деген көңілінің суымауы тек өзіңіздің қолыңызда екенін ұмытпағаныңыз абзал.
Таразы
Материалдық жағдайыңыз өзіңіздің біліміңіз бен жұмыс істеу қарқыныңызға байланысты болмақ, сондықтан бойыңыздағы еңбексүйгіштік қасиетіңіз тасыңызды өрге домалатынын ұмытпаңыз.
Сарышаян
Мезгіл белсенді болғанымен, денсаулыққа зиянды. Әсіресе асқорыту жүйесі нашар Сарышаяндарға асты саралап қабылдағандары дұрыс. Жарақат алып қалу мүмкіндігі зор ойын-сауыққа қызықпаңыз.
Мерген
Аптаның басында күш-қуатыңыз ерекше тасып, тәуекелді спорт түрлерімен айналысуға зауқыңыз соғуы мүмкін. Дегенмен, абай болыңыз. Аптаның екінші жартысында қаржылай салым жасамаңыз.
Тауешкі
Осыған дейін жетістіктеріңізден айырылып қалу қаупі бар, сондықтан атақ пен ақшаның соңына түсіп, керекті адамдардың көңілін қалдырып алмаңыз. Күдік тудыратын істермен айналыспауға тырысыңыз.
Суқұйғыш
Ауыр жұмыспен айналыспаңыз. Буындарыңызға салмақ түсіп, бүйрегіңіз ауырып қалуы мүмкін. Дегенмен, «белсенділік қажет емес» деп қозғалмай жатудың да қажеті жоқ. Демалуға көбірек көңіл бөліңіз.
Балықтар
Саяхатқа шығып, тылысым дүниелерді тануға қолайлы кезең. Сонымен қатар, бұл кезең ғылыми және шығармашылық жұмыстармен айналысуға өте қолайлы. Бұл аптада мән-жайын білмейтін іс бастаудан аулақ болыңыз.