32 рет сотталған Өскемен тұрғыны әйел адамды тонап кетті

507
көрілім
Шартты фотосурет

Өскемен қаласының полиция қызметкерлері подъез ішінде әйелді тонап кеткен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасының мәліметінше, таяуда белгісіз ер адам Серікбаев көшесіндегі үйдің подъезінде 44 жастағы әйелдің қолындағы пакетті тартып алған. Оның ішінде әмиян, пәтер кілті, жеке куәлік пен азық-түлік болған.

– Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында тонаушының кім екендігін анықтады. Ол бұған дейін 32 рет сотты болған 35 жастағы қала тұрғыны болып шыққан. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ведомство өкілдері.