3-9 қаңтар айына аралығына арналған жұлдыз-жорамал

458
көрілім

Тоқты

Жаңа жылда көптен күткен арманыңыз орындалуы мүмкін. Дәл қазір маңызды жұмыстар бастаудың қажеті жоқ. Қаңтар айының 4-5 күндері шаштараз бен сән салонына барып, сырт келбетіңізге мән беріңіз.

Торпақ

Кейбір Торпақтар мереке қарсаңында көңілдері құлазып, салы суға кетулері мүмкін. Өмірлік серігіңіз, я болмаса туысқандарыңызбен сөзге келмей қаласыз. Асығыс шешім шығармай, ақыл таразысына салғаныңыз жөн.

Егіздер

Көп нәрседен бас тартып, бірс сәт оңаша қалғаныңыз жөн. Біреу-міреу өтініш айтып, көмек сұраса, ақыл-кеңес беруге асықпаңыз. Өзгеге жөн сілтеймін деп опық жеп қалуыңыз ғажап емес.

Шаян

Жаңа жыл басталғанда біршама нәрсенің өзгергенін қалайсыз. Ендеше, қалт жіберіп алмаңыз. Басы бос Шаяндар мереке күндері болашақ жарын жолықтырып, махаббат кемесіне мініп қалулары әбден мүмкін.

Арыстан

Арыстандар үшін аптаның әр күні қарбалас өтеді. Уақытынан бұрын босаңсып, өз ісіңізге немқұрайлы қарамаңыз. Жұмыста барлық тапсырманы орындап, басшылықпен жақсы қарым-қатынаста болуды негізге алыңыз.

Бикеш

Барлығы іске асып, кез келген бастамаңыз жемісін береді. Көтеріңкі көңіл күй талай жұмыстың шетін шығарып, ізгілікке жетелейді. Демалыс күндері үйде қамалып отырмай, табиғат аясына шығып қайтыңыз.

Таразы

Жаңа жыл кезінде жақсы һәм жағымсыз жаңалықты қатар естисіз. Қолға алған ісіңіздің барлығы ойдағыдай шығуы үшін көптің пікіріне құлақ асудың қажеті жоқ. Жұлдыздар қарызға ақша бермеуге кеңес береді.

Сарышаян

Қаңтар айында қаржылық жағдайыңызды біршама реттеп аласыз. Бәлкім лоторея ұтасыз, мүмкін жұмыста «13-ші жалақыға» ие боласыз. Тек мұны көпке айтып, жаратып жіберуге асықпаңыз.

Мерген

Апта бойы Мергендердің көңіл күйі түсіңкі болады. Отбасында болмашы нәрседен шыққан дау-дамайдың тезірек аяқталуы ұтымды шешім қабылдауыңызға байланысты. Не де болса отқа май құйып алмаңыз.

Тауешкі

Жұлдыздар ырду-дырдуы көп мәселелерге араласпауға кеңес береді. Одан да отбасы мен бала-шағаңызға көп көңіл бөліңіз. Біріне көмек қажет болуы мүмкін, сондықтан бірыңғай жұмысты ойлай бергеніңіз әбестік болар.

Суқұйғыш

Жұмыста да, жеке өмірде де айтарлықтай жетістікке жетесіз. Тек айлықтың ара-тұра уақтылы түспеуі сәл артқа қарайлауға себепші. Апта соңында өмірлік серігіңіз тосынсый жасауы мүмкін.

Балықтар

Жаңа жылдан кейін қордаланып қалған көп жұмыс сізге жүктеледі. Жақындарыңыздың бірі жуық арада бұрын айтылмай жүрген шындықпен бөлісулері кәдік. Қандай жаңалық айтса да ашуға ерік бермеңіз.