Тоқты
Нақ осы кезде біреумен ұрыс-жанжалдың керегі жоқ. Кейін татуласу қиын болады. Өз-өзіңізді басу үшін бір нәрсемен айналысыңыз. Жұмысты еңсеріп істеп, демалысқа кетуді ойлаңыз.
Торпақ
Соңғы кездерде күрмеуі қиын істер көбеймек. Жаныңды жүдетер жайсыз жәйттер де орын алмақ. Ең маңыздысы, Сіз соның бәрін жеңіп шығасыз! Жұлдыздар осы уақытта қарызға ақша бермеуді ескертеді. Ал дос-жарандарыңызды шақырып, қонақ еткеніңіз дұрыс.
Егіздер
Кезең аяқталғанша бастаған ісіңізді аяқтағаныңыз абзал. Сізге демалу керек, әйтпеген күнде денсаулығыңыз сыр бере бастайды. Балаларыңыз сіздің айтқаныңызға құлақ аспай бара жатыр: дегенмен бәрін де ақылмен, сабырлықпен шешуге болады.
Шаян
Таныстығыңыз осы кезде жақсы ырымға бастайды. Адамдарды өзіңізге тарта түсу үшін неғұрлым кішіпейіл болғаныңыз жөн. Аптаның соңына қарай жұмыс жөнінен жақсы ұсыныс түседі. Жедел шешім қабылдауға асықпаңыз.
Арыстан
Қай істі қолға алсаңыз да кейбір кедергілерге тап болуыңыз мүмкін. Бірақ есіңізде болсын: бәрі де орнына келеді! Басшылықпен ара қатынасыңызға жік түсірмеңіз, аолдағы карьераңызға кесірі тиеді.
Бикеш
Бұл аптада қым-қуыт тіршілік басталмақ. Дегенмен тұйықтан шығудың жолын қарастырыңыз. Бұл кезең біліміңізді кеңейтіп, өз өзіңізді дамытуға қолайлы кезең. Бірақ қоныс аударудың еш қажеттілігі жоқ, сәтсіз болмақ. Осы апта жүкті болуға қолайлы кезең. Олай болса, ойланыңыз...
Таразы
Тасыныз өрге домалайтын кезең. Табыстан тіпті басыңыз айналады. Жексенбі күндері тынығуғу ден қойыңыз. Балаға қатысты мәселе болсын, асығыстыққа жол бермеңіз. Бастысы – сан емес, сапа!
Сарышаян
Бастаған ісіңіз ілгерілемеуі мүмкін. Не істесеңіз де нәтижесі шықпайды. Мойынсыныңыз. Әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Ал үйдегілермен кикілжіңге келіп қалсаңыз, кешірімді болыңыз.
Мерген
Алдағы уақытта (аптада) сөйлейтін сөзіңізге мән беріңіз. Кейде тіпті жұмған аузыңызды ашпаңыз. Жеке бас өміріңізде түсініспеушілік пен реніш болуы мүмкін. Татуласуға сіз бірінші қадам басыңыз. Жарақати алып қалу қаупіңіз бар: абай болыңыз?
Тауешкі
Біреуге мұңыңызды айтып шағымданғыңыз келсе де үндемеңіз. Басқа түскен қиындыққа төзімділік таныта біліңіз. Аптаның екінші жартысында жағдай түзеле бастайды. Әсіресе қаражат мәселесі реттеледі: қаржылай ірі пайда түсуі мүмкін.
Суқұйғыш
Керемет әсерлі демалыс күтіп тұр, сізді! Аунап-құнап демалыңыз. Бақшадағы жұмысты басқа біреуге жүктесеңіз де болады. Айналаңыздағыларға неғұрлым көбірек жылы сөз айтыңыз. Кеңпейілдік танытудың өз қайтарымы бар.
Балықтар
Осы кезде іштей бір қуатты энергетиканы сезінесіз. Ерлікке пара-пар жақсы іс жасауға ұмтылыңыз. Спортпен айналысуға қолайлы кезең. 9 маусым күні өз-өзіңізге аса сақ болыңыз: алаяқтың құрбаны болып қалуыңыз мүмкін. Қалай десек те ішкі түйсігіңізге сеніңіз